Табысқа жақын адамдар

Табысқа жақын адамдар

Сіздің сәтсіздікке ұшырап, торыққан кездеріңіз болды ма? Болса, онда сіз қуаныңыз. Өйткені, табыс пен жеңіс сәтсіздік пен кедергілері көп адамдарға жақын болады.

Германия психологы Холман табысқа жету жолындағы заңдылықта әйгілі «Ойыстық психологиясы» терминін ортаға қойған болатын. Бұл заңдылықта негізгі түйін гольф добына негізделген. Ол "Гольф доп" ерекшелігіндегі психология" деп те аталады. Гольф добын ойнау жаңадан пайда бола бастаған кезде доптың тек салмағына, көлеміне ғана шарт қойылған-ды. Спортшылар өз доптарын елден ерек көрсету үшін добының сыртына бес бұрышты жұлдыз, дөңгелек ноқаттар сияқты өрнектерді сала бастаған. Тіпті кейде өз аттарын да ойып жазып қоятын болған. Бір таң қаларлығы гольф доп шеберлерінің дені өрнектелген допты немесе көне допты қатты ұнатқан. Тіпті, кейбіреулері добының сыртына әдейілеп сызаттар салатын болған. Кейін келе осы сызатталған доптың жаңа допқа қарағанда жақсы дөңгелейтінін байқаған.

Гольф добы сияқты өмірдегі «ойықтар мен сызықтар» көп болады. Оқуда, жұмыс тауып, оны атқаруда сәтсіздікке ұшырау, ара қарым-қатынастың жақсы болмауы тектес қиындықтар әрбіріміздің басымызда бар. Өмірдегі бұл сәтсіздіктер бәлкім Холманның айтқанындай: «Көпті көргендер күрескер болады, сондықтан өз ойлаған мақсаттарына жете алады. Бұл сәтсіздіктердің көңілде қалдырған сызаты бейне гольф добының бетіндегі ойықтар сияқты, көркем болмағанымен төзімді арттырады». Түптеп келгенде, табыс сәтсіздікке ұшыраған жандарға жуық келеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: capecodgolfvacations.com 

M. Auelkhan