Америка президенті Линкольннің президент сайлауына қатысар алдындағы біраз жерлерде оқыған лекциясы әлі күнге құнын жойған жоқ. Бірақ оның осы сөздері өзі жалға алып тұрып жатқан бір досының үйіндегі әдеттегі сәлем хат қағазына жазылған болатын. Әлемге әйгілі жазушы Хемингуэй де бүкіл жазушылық ғұмырында әдеттегі қарапайым ғана қаламды пайдаланған. Атақты суретші Вангог сурет сызғанда өте қарапайым алты түрлі бояуды ғана істеткен. Ғұмыр бойы осындай қарапайым шығармашылық құралдарын пайдаланған жазушылар, ақындар, суретшілер, күйшілер бізде де жетіп артылады. Ең бастысы олардың көбі шынайы дарын иелері. Әрине, жаңалық жарату мен мұның байланысы шектеулі. Ең бастысы қалыптасқан әдет қана.
Бірақ мынадай шындықтың бар екені де рас. Қаншама аты шықпаған төмен деңгейдегі жазушылар өз шығармаларын компьютерде терумен бастайды. Қаншама атсыз-атақсыз фото суретшілері ең жоғары деңгейдегі цифрлы фотоаппараттарын пайдаланады. Біз атын естіп көрмеген суретшілер қан базарда өз суреттерін сатып тұрады. Және біз солардың ғана туындыларына таңдай қағып, тамсанып жүрміз.
Дарынсыздар қашан да өз кемшілігін осындай «сылтаулармен» жасырады. Бірақ бұл «сылтау» олардың табысқа жетуіне көмектеспейді. Керісінше, кедергі келтіреді. «Сылтау» қаншалық үлкен, зор болған сайын талантыңды жасыра береді. Оған қанша сүйенген сайын құрдымға құлай бересің. Қарапайымдылықтан биіктік тудыру сенің талантыңды ұштайды және дарыныңды әйгілей түседі.
Қолданған материал немесе құралыңыз – табысқа жетудің кілті емес. Шындығына келгенде, бәрімізде де кемшілік бар. Біз соны түрлі сылтаулармен жасырғымыз келеді. Жұрт көзінен жасырған кемшілігіміз өзімізге тіпті де ұмыт бола бастайды. Қашан да өзіңізге сұрақ қоя біліңіз. «Бұл бір сылтау емес пе?..» міне осы арқылы үздіксіз ізденуге болады. Өзіңе көп сұрақ қоя білу – талантыңды жасырып тұрған «ең үлкен сылтаулардан» құтылудың жолы.
Өзіңе сұрақ қоюды ұмытқан күнің – табысқа жетуден соншалықты алыстаудың бастамасы!
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: novate.ru