- Негізгі бет
- Психология
- Табыс және сәтсіздік...
Табыс және сәтсіздік
Табысқа ұмтылған әр адамның сапары сәтті, жолы даңғыл болуы екіталай. Аз болсын, көп болсын қиындықтарды бастан кешпей қоймайды. Осы жолда бірнеше рет сүрініп, жығылып, бұраң жолдарды бастан кешіп табыс талғарына жететін жол табады. Америкалық психолог Шелдон жас кезінде қолынан түк те келмейтін, істің жөнін білмейтін бозбала болған екен. Жұрт оны «бұзақы» деп атайды. Бірақ ол бұған намыстанып, арлануды білмейді. Өзі ғашық болған қызға неке талабын қойған, қыз оған: «Өзенге ағып өлсем де, саған тимеспін!» дейді. Мұны естіген Шелдон кірерге тесік таппай намыстан өртенер болады. Сөйтіп ол жігерін жанып, өзінің бұрынғы күндерімен қош айтысып, мүлде басқа адам болып өзгереді. Ол қажырлылықпен зерттеу жүргізуінің арқасында орталық нерв жүйесі физиологиясы жағында кісі таңқаларлық табысқа жетеді. Англия университеттерінде профессор атағын алып, жұмыс істейді. 1932 жылы Нобель сыйлығын алады. Ыдыстағы сүт төгіледі. Бірақ қанша өкініп, опық жесең де, ол сүт орнына келмейді. Өмірде табысқа жеткен адамдардың ақыл-парасаты өз айналасындағылардан артық болуы екіталай, бірақ олар жасаған қателерін қайталамайды. Сәтсіздікті кемшілік деп танымайды. Табысқа жету әр адамның өз қолында.
Дайындған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: xuezi.com
M. Auelkhan