- Негізгі бет
- Психология
- Сіздің суреттеріңіз жайлы...
Сіздің суреттеріңіз жайлы тест
Көп адамдар іш пысқанда қағаз бетіне түрлі кескіндер салғанды ұнатады. Сіз оларға назар аударып көрдіңіз бе? Олар сіз жайлы көп нәрсе айта алады. Сонымен өзімізді тануды жалғастыралық.
Шиыршық, домалақ, толқынды сызықтар
Өзгелердің қиындықтарын ойлап бас қатырмайсыз, не мүлдем қызықпайсыз. Қазір аздап іштей дағдарысты бастан кешіп жатқан сыңайлысыз. Ашуланып, өзгелерді ренжітіп алмас үшін өзіңізді қолға алуыңызға тура келеді.
Гүлдер, күн, гирляндалар
Жүзіңіз жадырап көрінгенімен, іштей бәрі керісінше болуы мүмкін. Сіз шынайы достықты армандайсыз. Көбіне адамдардың арасында болуға тырысыңыз.
Тор
Ыңғайсыз не қауіпті жағдайға түсіп қалғандай сезінесіз. Көбіне реніш пен ашуды жұтып жіберуге бейімсіз.
Жүректер
Сезімге толы жансыз. Бүкіл әлемді құшақтап алғыңыз келеді. Өзіңізді салқын ұстап, ішкі сезімдеріңізді жасырудың қажеті жоқ. Оларды тиісті адамдарға жеткізіңіз.
Түсқағаздардағыдай өрнектер
Қатты жалыққаныңызды білдіреді. Не жай ішіңіз пысты, не ешкіммен сөйлескіңіз келмейді. Барлық нәрседен шаршадыңыз деген белгі.
Кресттер
Телефон арқылы тілдесу барысында өзіңізді әлдене үшін кінәлі сезінген секілідісіз. Әлде сізге біреу кінә таққан көрінеді.
Адамдар
Қауқарсыздықты не мәселеден қашып құтылу қалауын білдіреді.
Шаршы (квадрат), үшбұрыш және басқа да геометриялық кескіндер
Сізге біреудің айласын асыра алмасы анық. Айқын мақсаттарыңыз бен көзқарасыңыз бар және ешқашан өз ойыңызды жасырмайсыз. Тым қырағысыз. Көп нәрсеге жеңіл қарап үйреніңіз.
Ара ұясы
Жан тыныштығына, үйлесімге, бірқалыпты өмірге ұмтылу. Онымен қоса шаңырақ көтеру қалауын да білдіруі мүмкін.
Шахмат алаңы
Қиын жағдайда қалған секілдісіз. Егер мұндай бейнелерді жиі салатын болсаңыз, іштей қиналып жүрген болуыңыз мүмкін.
Айқасқан дөңгелектер
Өзіңізді аздап шеттетілгендей сезінуіңіз мүмкін. Белсенді істерге араласқыңыз келеді.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова