- Негізгі бет
- Психология
- Сіздің ең жақтырмайтыныңыз...
Сіздің ең жақтырмайтыныңыз
Жүзден аса қыз-жігіт қатысқан сауалнамада қыздарға: «Сіз ең жақтырмайтын жігіттердің қандай кемшіліктері бар?», жігіттерге: «Сіз ең жақтырмайтын бойжеткендердің қандай кемшіліктері бар?» деген сұрақтарға жауап берілді.
Бұл сұрақтарға қыздар былай жауап берді:
- Махаббатқа пейілсіздігі, әрі тұрақсыздығы; басқаға, жас иіске үзіліп тұратындығы;
- Білімінің мардымсыздығы; қолынан келерінің жоқтығы; сөзінің добалдығы; кісіге жылы шырай бермейтіні; бірер істі бастарда езіп-қыртып дереу кірісе қоймайтындығы; әр кезде өз мүддесімен ғана санасатындығы;
- Озбырлық істеп сыңарезулікке басатындығы; әйел затын кісі санатына қоспай, құл орнында көретіндігі; қожайынсып қожаңдайтындығы;
- Тапқан ақшасын табанда тауысып, ішімдікке өлердей салынып, абыройын айрандай төгетіні.
Жігіттер бұл сұраққа қалай жауап берді екен, назар аударсақ:
- Келбетті, ақшалы жігіт көрсе, көз сүзіп, тұрлаусыздық істейтіндігі; малына киініп, бой түзеп, өзін-өзі көз қылатыны;
- Өзін кіршіксіз санап астамситындығы; кісіге қадала қарап, мұрнын шүйіретіндігі; сәнқойлыққа, атаққұмарлыққа салынып, кісі баласын бойына тоғытпай, өзін айна көлдегі ай суретіне балайтыны;
- Салдыр-салақтыққа басып, тұрмыста тым бейпіл жүретіндігі; ұмытшақ, әрі жаңғалақтығы, орнықты ойының жоқтығы;
- Көрінген кісіге шапшып немесе сыпсың сөзді сықпыртып, ел-жұрттың шырқын бұзатындығы; дос-жаран, қызметтестерімен екі ауыз сөзге келмей, тайталаса кететіндігі.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan