- Негізгі бет
- Психология
- Сіздің де фобияңыз...
Сіздің де фобияңыз бар ма?
Мүлде қорқуды білмейтін адам болмаса керек. Тұлға бітіміңіз сезімге толы болғаннан кейін артық толқудың өзі де сізге әсерін тигізбей қоймайды. Медицинада фобияны аурудың бір түріне жатқызса, дербес психологтар оны адамның табиғи шартсыз рефлексі деп санайды екен. Сонымен, мұнда берілген тізімді қарап көрелік. Мүмкін сіздің де өзіңіз білмейтін фобияңыз бар шығар.
Қоғамда көп кездесетін фобиялар тізімі:
- Аилурофобия – мысықтан қорқу.
- Андрофобия – адамнан қорқу.
- Апифобия – аралардан қорқу.
- Абаннумофобия — ешкімге керексіз болудан қорқу.
- Авиафобия — әуе шарларымен ұшудан қорқу.
- Авидсофобия — құсқа айналып қалудан қорқу.
- Аврорафобия — поляр шұғыласынан қорқу.
- Агирофобия — көшені аттап өтуден қорқу.
- Агризоофобия — жабайы жануарлардан қорқу.
- Аддицерофобия — ақымақтық жасаудан қорқу.
- Акрофобия — биіктіктен қорқу.
- Аллодоксофобия — қарсы пікір айтудан қорқу.
- Амнезиофобия — амнезиядан қорқу.
- Анаблепофобия — жоғарыға қараудан қорқу.
- Антлофобия — су тасқынынан қорқу.
- Ануптафобия — бойдақ болып қалудан қорқу.
- Астрафобия — жұлдызды түннен қорқу.
- Астрологиофобия — астрологтардан қорқу.
- Асцендарофобия — жоғарыға көтерілуден қорқу.
- Аутогонистофобия — камераның алдында сөйлеуден қорқу.
- Аэро поллуэрефобия — ауаның ластануынан қорқу.
- Аэтатемофобия — қартаюдан қорқу.
- Астрафобия – ауа-райының нашарлауынан қорқу.
- Авиафобия – ұшудан қорқу.
- Бациллофобия – микробтардан қорқу.
- Баллистофобия – оқтан қорқу.
- Билонфобия – өткір заттардан қорқу.
- Клинофобия – кереуеттен қорқу.
- Гепгидрофобия – көпірден өтуге қорқу.
- Иатрофобия – дәрігерлерден қорқу.
- Никтофобия – қараңғылықтан қорқу.
- Омброфобия – жаңбырдан қорқу.
- Отофобия – көзге тік қараудан қорқу.
- Пекатофобия – күнә жасап қоюдан қорқу.
- Ситофобия – тамақтан қорқу.
- Тафефобия – тірідей жерде көміліп қалудан қорқу.
- Талассофобия – мұхиттан қорқу.
- Трихофобия – шаштан қорқу.
- Вестифобия – киімдерден қорқу.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: ru.wikipedia.org
Ж. Өрісбай