- Негізгі бет
- Психология
- Сізді бақытты қыла...
Сізді бақытты қыла алатын 7 жан
"Дос таппай көңіл тыным таппас" демекші, жан доссыз өмір мәз емес. Заманауи қыздың 7 түрлі досы болса, ол нағыз бақытқа бөлене алады-мыс. Сол 7 түрлі достар тізімімен таныс болыңыздар.
1. Тыңдарман
Әр адамға терең ойларын байыппен тыңдайтын, қажет емес кеңестер мен насихатпен шаршатпайтын жан керек. Сізді расында мұқият тыңдайтын досыңыз бар ма? Бұл достықты ұзақ жылдарға сақтаңыз. Себебі көкейіңіздегі бар өкпе мен ызаны, толғандырар ойларды айтып тастау сізге өмір бойы қажет болады.
2. Жігіт дос
Құрбыларыңыздың бірсарынды әңгімелерінен шаршаған кезде кездесіп, түнгі қалада қыдырып, жеке өмір жайлы бөлісіп, кеңесуге болатын дос жас қызға артық болмайды. Жігіттердің көзқарасын білгіңіз келсе, осы досыңыздан көмек сұрауыңызға әр уақытта болады. Алайда, абай болыңыз! Егер бұл жігіттің сізге деген қандай да бір сезімі бар екенін байқасаңыз, бұл достық емес екені анық.
3. Ықтимал жігіт
Тұрақты жігітіңіз болмаған жағдайда, ішіңіздегі махаббат пен нәзіктікті көрсететін бір "жігіт болуы мүмкін" деген жан керек. Бұл жігіт сізге ұнауы тиіс, ол да сізге ғашық сияқты. Алайда тұрақты жігіт болуына бір мәселе кедергі болған делік. Осындай жігітпен кейде кездесіп, өзіңіздің біреуге қажет екеніңізді сезініп тұрған дұрыс.
4. Сырларыңыздың сандығы
Сырларды іште сақтау кейде өте ауыр тиеді. Сіздің шын мәнінде қандай екеніңізді білетін, сырларыңызбен бөлісетін жан бар болса, өзіңізді әлдеқайда жайлы сезінесіз. Өмірлік ұстанымдарыңыз бен мақсаттарыңызды біле тұра, сырларыңызды басқаға ашпайтын жан болғаны жөн.
5. "Иә" мырза
Бұл кісі ағаңыз не жақсы танысыңыз болуы мүмкін. Бастысы ол сіз үшін уақытын, ақшасын, көңілін аямай, кез келген уақытта көмекке келуге, "ИӘ" деуге дайын. Ал жігіт көмегі күтпеген жерден керек болуы мүмкін. Ауыр жиһазды көтеру, кешкі отырыстан алып кету сияқты оқиғаларда көмекке келетін жігіт әр қызға керек. Осындай дос іздесеңіз, қарындастары бар жігіттерге назар аударыңыз: әдетте олардың осы салада тәжірибелері мол болады.
6. Абырой
Анаңыз, бастығыңыз, жасы сізден үлкен құрбыңыз... Ортаңызда сізге авторитет болатын, беделді, ақылды жан болғаны дұрыс. Ол кіріп келгенде, арқаңызды түзулеп, әр айтқан сөзіне мән бересіз. Бұндай кісі - сіздің шоқ жұлдызыңыз. Онымен өмірлік заттар жайлы кеңесіп, мақсаттарыңызды реттеп тұрсаңыз болады.
7. Өмірлік махаббат
Өмірдің ең тәттісі - махаббат сезімі емес пе? Ессіз ғашықтық, романтикалық кездесулер, алғашқы махаббат. Осы сәттерді өмір бойы ұмытпай, өзіңізбен бірге ала жүріңіз. Бұл жігіт өмір бойы бірге болатын жан жұбайыңыз болмауы да мүмкін. Алайда сол тәтті кездерді еске алғанда, бетіңізден күлкі кетпей, қанат біткендей сезім оралу керек. Онымен енді ешқашан кездеспесеңіз де, сол сәттерді өмір бойы сақтаған дұрыс.
Ал сіздің осындай 7 досыңыз бар ма?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: zastavki.com
С. А