Күнделікті қарбаласта уақыт жылдам өтеді, ал біз жұмыс пен үй шаруаларын орындап жүріп, маңызды нәрсені ұмытып кетеміз. Тоқтаңыз, ойланып көріңіз. Өзіңіз жайлы ұмытып кеткен жоқсыз ба? Қазіргі өмір үшін бұл қалыпты құбылыс. Алайда өзіңізге бірнеше уәде беру арқылы өмір сүруді жеңілдетуге болады.
Мен өзіме ең жақсы қолдаушы боламын
Өзіңізді қолдауды үйренуге уәде беріңіз. Сыртқы тіректің — сүйікті адам, ата-ана, достардың болғаны жақсы. Бірақ ішкі тірек болуы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан қиын уақытта рухыңызды көтеру керек кезде өзіңізге бірнеше жылы сөздер айтыңыз. Бастапқыда оның түк пайдасы жоқ секілді көрінуі мүмкін. Бірақ мұндай әдіс тиімді нәтиже бере алады.
Артыма қарап өмір сүрмеймін
Көп жыл бұрын жіберген қателіктер мен әрекеттер қазіргі кезді тоқтатады және болашақта та бұл жүк дамуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан барлық нәрсеге тәжірибе ретінде қараңыз. Жаман немесе жақсы жағдай болсын, әркім өздігінше мектептен сабақ алады. Мұндай тәжірибелерден қорытынды шығарып, ары қарай жылжи алу керек. Сол үшін де келесі жолы өкінерде өзіңізге қандай уәде бергеніңізді ұмытпаңыз.
Мен өзім қалағандай өмір сүремін
Өзіңізге армандаған өміріңізді сүруге рұқсат беріңіз. Өз ісіңізбен айналысуды армандайсыз ба? Арманыңызды мақсатқа айналдырыңыз! Әдісін тауып, оған біртіндеп жылжуды бастаңыз. Әдетте, қолымыздан келмейді немесе ақылым, ақшам жетпейді деп өзімізді шектейміз. Қаласаңыз, бәрін үйренуге болады. Алғашқы қадамды жасаңыз — өзіңізге уәде беріңіз.
Мені бақытсыз ететін адамдардан аулақ боламын
Кей адамдар біздің өмірімізге тек қандай да бір сабақ беруге келеді. Олар өзімізді жақсы көруді немесе басқалар жайлы ойлауды үйретуі мүмкін. Олар түзеу керек мінезімізді көрсетуі мүмкін. Психологтардың айтуынша, адамдар — айналар. Егер адамның қандай да бір мінезі немесе әрекеті біздің ашуымызды келтірсе, ол біздің ішімізді жасырулы болуы мүмкін. Сондықтан оны көре алу керек. Сабақ алған соң ол адам бізден кетуі мүмкін. Жаңа білім үшін алғыс айтып, оны жібере білу маңызды.
Барымды бағалаймын
Өміріңіздегі бар жақсылықтарды бағалаңыз. Бұл мәтінді оқып отсаңыз, сіз көре аласыз, оқуға және өзіңізбен жұмыс жасауға уақытыңыз бар, осыларды оқуға арналған құрылғыңыз да бар. Кей адамдар үшін мұндай қарапайым заттар да қолжетімсіз. Өміріңіз әлі өзіңіз қалағандай болмаса да, бұлардың бәрі оны бағалау үшін жеткілікті.
Мен берілмеймін
Қаншама адам бір-екі рет тырысып, жолдың жартысын да жүрмей, беріліп, қалағанына жеткен жоқ. Әрине, өте күрделі жағдайлар болады. Бірақ жаңбырлы күндерден соң бір күні күн шығады. Сондықтан шешім қабылдауға асықпаңыз. Уайымдауыңыз, қорқуыңыз және күмәндануыңыз мүмкін. Бұл қалыпты. Өзіңізді қолдаңыз және берілмеңіз.
Аз нәрсеге келіспеймін
Өзіңізді қаншалықты құнды санасаңыз, бағаңыз да сонша. Егер өзіңізді жақсы жалақыға немесе қамқор серікке лайықты санамасаңыз, оған қолыңыз жетпейді. Сондықтан жақын адамыңызға немесе бастығыңызға жағамын деп немесе көңілін табамын деп бар болмысыңыздан төмен көрінуге тырыспаңыз. Өз маңыздылығыңызды түсірмеуге уәде беріңіз. Аз нәрсеге келіспеңіз, керісінше, көбірекке ұмтылыңыз. Өзіңізге шектеулерге қадалмай, молшылыққа сенуге мүмкіндік беріңіз.
Мен білім аламын және дамимын
Өз біліміңіз бен дағдыңызды үнемі жетілдіру керек. Себебі үйренетін нәрсе әрқашан табылады. Бұл табысқа жетудің — негізгі факторларының бірі. Бастапқыда мәнсіз көрінсе де, білім алуды тоқтатпауға уәде беріңіз. Кейін оның қандай жеміс беретінін көресіз.
Мен жеке шекарамды қорғаймын
Жеке шекара қойып үйрену артық етпейді. Бұл арқылы өзіңізді ренжіткізбеуге, өз көзқарасыңызды қорғауға және «жоқ» деп айтуды үйренесіз. Қандай да бір әрекет нормасын сақтамаған адаммен қоштасуға әркез мүмкіндік бар.
Мен өзімді тыңдаймын
Мұны ішкі сезім немесе интуиция деп атайды. Кейде интуиция жақсы кеңес береді. Қай кезде ақылмен, ал қай уақытта жүрекпен әрекет ету керегін түсіну үшін өзіңізді тыңдап үйреніңіз.