Бәріміз бақытты болғымыз келеді, бірақ күнде өзіміз бақытсыз ететін нәрселерді байқаусызда жасай беремі з. Оның кей түрлерін ұсынамыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт жұмсау Зерттеу бойынша, әлеуметтік желілерді қолдану өмірге қанағаттану сезімін төмендетеді. Ол шарасыз салыстыру сезімін шақырады. Мысалы, инстаграм желісіндегі біреудің өміріне қарап, нәтижесінде, өміріңіз толыққанды емес деген шешімге келіп, өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Жұмыстағы атмосфера негативті болуы Ғалымдардың айтуынша, күйзелісті шақыратын жұмыстың көптігі емес, кеңседе түзілген негативті орта екен. Мұндай орта жұмысшылар оларға әділетсіз қатынасты жиі айтатындығынан немесе олардың кәсіби қасиетін бағаламайтындығынан пайда болады. Соның нәтижесінде, оның барлығы адамдардың жалпы сезіміне тікелей әсер етеді. Өзіңізді басқалармен салыстыру Психологтардың айтуынша, өзіңді әрдайым біреумен салыстыру өміріңе қанағаттануды төмендететін әдістердің бірі екен. Бұл реніш пен қызғанышқа әкеледі. Бақытты адамдар басқа адамдардың не істеп немесе қайда жүргенінде шаруасы болмайды. Олар өз өмірімен жүреді. Спортпен айналыспау Көптеген зерттеулер уақытылы физикалық жаттығулар күйзеліс деңгейін азайтып, көңіл күйді жақсартатындығын дәлелдеп қойған. Спортқа уақыт бөліп тұрсаңыз, шынымен де өзіңізді жалпы жақсы сезінетін боласыз. Күшіңізді асыра бағалау Барлығына шектеу бар. Ғалымдардың айтуынша, бір күні гормондар күйзеліспен күресуді тоқтатады, сол кезде өзіңізді жабыңқы сезінесіз. Сондықтан, арасында толыққанды демалысқа уақыт таба біліп, энергия жинап алу керек. Дұрыс ұйқы күшті қалпына кетіретін ең жақсы әдіс. Бақытыңызға бірдеңе кедергі келтіріп тұр деп ойлау Үлкен үйіңіз немесе жоғары еңбекақы болғанда бақытты боламын деп ойлау қателік. Адамдар ол кезде жаңа шаруа шығатынын ұмытып кетеді. Сондықтан, қазіргі уақытпен бақытты өмір сүре білу керек.