Біреулер бақыт дегеніміз шынайы қамқорлық, мейрімділікпен шашылған ақ шашу және шын күле білу десе, енді біреулер бақыт дегеніміз тып-тыныш орында хош иістен ләззәт алып, алаңсыз тұрмыс кешіру мен орасан зор нәтижеге жету дейді, тағы біреулер бақыт дегеніміз шуақты күнде, айғай-шудан алыс таза өлкеде бір-біріне серік болған сәттер деседі... Бақыт туралы 1000 адам 1000 түрлі түсінеді. Алайда көпшілік адамның бақыт деп таныған дүниелері төмендегідей екен.
Бірінші, ген бақыттың тек бір бөлімін ғана белгілейтінін айқын білу
Психология мамандары «бақытқа ұмтылудың 80%-ын ген белгілейді» деген еді. Осы көзқарас жөнінен алып қарасақ, бір адамның бақыт көрсеткішінің жоғары-төмен болуы дүниеге келген кезде көп бөлімі маңдайға жазылған болар. Егер генде құдіретты қуаныш көрсеткіші болса, онда барлығымыз бақытқа кенелген болар едік.
Адам гені оның бақытты болуын белгілейді деген көзқарасқа қаншама адам сеніп, қаншама адамдардың сенімі суға кетті. Алайда өмірде қаншама тылсым бар екенін барлығымыз да түсіне бермейміз. Геніміз де келешектегі барлық жағдайды ойластырып шеше алмайды. Сондықтан, болашаққа бақытқа талпыну мен бастан өткізген істеріміз ғана ықпал жасайтындығын ғана түсінуіміз керек.
Екінші, үнемі жайраңдап жұру
Англия зерттеушілерінің байқауынша, бір рет күлу 2000 тал шоколадтың миды тітіркендірумен бірдей, әрі 400 мың теңге ақша тудырған тітіркендірумен тең екен. Осы зерттеу нәтижесі бізге мынаны түсіндіреді. Күлген сәтте, күлкі көңіл-күйдің гормон сапасының өзгеруін сақтап, энкефалинды жоғарылатады. Бұлардың барлығы көңіл-күй қуанышымызды асырып, тіпті де бақытқа бөлейді.
Көптеген ересектер қайталанбас балалықтарына тебіреніп, ештеңеден хабарсыз бақытты да, асыр салған сәби шақтарын еске алады. Әдетте адамдар күле алмауын қызмет қысымы мен тұрмыс қарбаластығына арта салады. Біз бұған мойын сал болмаймыз. Ержеткен соң көптеген жауапкершілікке дөп келетіндігін мойындаймыз. Бір күндегі күлкі ретіміз жасымыздың ұлғаюына ілесіп барған сайын азаяды. Балалардың әр күнігі күлкі саны 400-дің айналасында болса, ерекесктердің бір күндегі күлкі саны 20-ға жетпейтіндігі анықталды.
Үшінші, күнделік жазу да – бақыттың белгісі
Әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша, бақытты сезім көрсеткіші жоғарылар басқалармен салыстырғанда бақыт құшағына шомылып тұрғанда емес, қайта бұлар өзін бақытты санағаны үшін осылай екен. Жаздың шіліңгір ыстығындағы алғаш татқан балмұздағың балдай татиды. Балмұздақты жеген сайын дәм-татусыз болады. Міне, бұдан сезімталдық дәрежеміздің төмендегенін білеміз. Өмірдегі бақыттың да осындай екенін ұғынамыз. Сондықтан, бақытты сезінуді жоғарылатудың өнімді әдісі бақытты сәттерді естелікке алып, күнделікті табандылықпен жазу.
Әр күні бақыт деп білген 5 істі табандылықпен естелікке алу керек. Болымсыз ғана істі, көз айым сәтті, лездік қимылды, жақсы сөзді, қуанышты деп білсең, сол қас-қағым сәтті жазып қою керек. Бақыт күнделігіңді табандылықпен жазып, белгілі мерзімде қайырылып қарасаң, бір ауқым уақытта, бұрынғы бақытты шақтарың, әлі де өзіңмен бірге екенін сезінесің.
Төртінші, тұңғиық ойға бату - бақыт
Түнде ұйықтар алдында, не таңертең тұра қалғанда, не түсте демалғанда, өзіңе бір тұрақты уақыт орналастыр. Уақытын өзің белгіле, бастысы тыныштық қажет. 10 минут, не одан көбірек уақыт болса да болады. Тып-тыныш отырып не жантайып жатып, өзіңе рахат сезінетін бейнені таңдап, одан соң өзіңе тән әлемге қиялмен еніп кет. Бірнеше минут ештеңе ойлама, ештеңе істеме, өзің бақытты деп білген сәтті елестет. Сол сәтте ең маңыздысы тыныс алуды меңгеріп, үн-түнсіз сондай бір алаңсыз, сондай бір салмақты бол.
Бесінші, жан достармен төс соғыстырып құшақтасу
Әр күні ең жақыныңмен құшақтасып тұр. Зерттеуге қарғанда, адам мен адам арасындағы ағзалық жақындық, екі жақтың да бақытқа болған түсінігін арттырады. Дәстүрге, қалыптасқан мәдениетке табанды бола берудің кейде маңызы қалмайды, мәдениеттің асылын алып, жасығын тастау керек. Былайша айтқанда, біздің дағдылы әдетіміз өз ойымызды сөзбен және көзімізге сақтаймыз. Ағзамыз арқылы қарсы жаққа сүйіспеншілігімізді жеткізуді дағдыға айналдырмағанбыз. Десе де маңызды сәттерді қолдан шығаруға болмайды. Бұл екі жаққа да тиімді барыс, төс соғыстырып құшақтасу, екі жақтың қимастық сезімін арттыру арқылы, әрі тілмен жеткізе алмайтын ағзалық сезімді түбірімен шешуге әбден болады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com