Сіз мұны байқамай келдіңіз: Энергияңызды соратын 7 жаман әдет

Сіз мұны байқамай келдіңіз: Энергияңызды соратын 7 жаман әдет

Жалқаулық, сапалы ұйқының болмауы, өз-өзіне көңілі толмау... Бұлар энергияны соратын әдеттердің бірқатары ғана.

Жалқаулық

Жалқаулық барлық жамандықтың бастауы екені баршаға аян. Тоқырау мен деградация жағдайында адам өзіне қандай да бір әрекеттерді жүктегісі келмейді. Жалқаулық әдеті уақыт өте келе адам тіпті болмашы нәрселерден де шаршайтындай күшейе түседі және қарапайым нәрсені жасаудың өзңне күш-қуат таппайды.

Мазасыздық

Психологиялық саулыққа әсер ететін барлық жағымсыз жағдайлар жүйке жүйесін шаршатады, күнделікті тапсырмаларды орындау үшін қажетті энергия мен күш-қуаттан айырады. Адам мазасыз күйде болғанда, оның денесі әлжуазданады- егер бұл әдетке айналса, стресс режиміндегі өмір қалыпты жағдайға айналады, бұл өте жағымсыз әсер етеді.

Дұрыс ұйықтамау

Сапалы ұйқы - жақсы көңіл-күй мен жалпы денсаулық кепілі. Денені толық қалпына келтіру үшін режимді сақтау қажет. Егер адам режимді елемейтін болса, кеш ұйықтаса, түрлі уақытта оянса, ұйқысы аз болса, ол өзін үнемі шаршаңқы сезінеді.

Өткенге өкіну

Жағымсыз оқиғалар, әрине, қуаныш әкеле алмайды, бірақ ренжіп, өткенмен өмір сүру әдеті жарқын болашаққа қадам басуға және мақсаттарыңызға жетуге кедергі жасайды. Жаңа жетістіктер мен хоббиге бағытталуы мүмкін энергия ескі жағымсыз эмоцияларды бастан қайта-қайта өткеруге жұмсалады, нәтижесінде армандар жолында еңбектенуге ешқандай күш қалмайды.

Өз-өзіне көңілі толмау

Бір жағынан, өзін-өзі сынау мотиватор ретінде қызмет ете алады, бірақ өзіне және жетістіктеріне қанағаттанбау еңсені түсіреду. Сонымен қатар, үнемі өзін-өзі қайрау біздің өмірлік ресурстарымыздың таусылуына әкеледі.

Прокрастинация

Әдетте, кейінге қалдырылған нәрселер жиналып қалады, бұл адамды бір уақытта көптеген міндеттерді шешу қажеттілігіне әкеледі. Бір немесе екі мәселені уақтылы шешуге қарағанда, мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға әлдеқайда көп күш жұмсалады,

Салауатты өмір салтын ұстанбау

Темекі шегу, ішімдік ішу, пассив өмір салты, гаджеттерге тәуелділік, фаст-фуд жеу – бұл жаман әдеттер дененің физикалық жағдайына әсер етіп қана қоймай, ішкі ресурстарды, атап айтқанда, өмірлік қуат пен энергияны жояды. Өмірлік тепе-теңдікке жету үшін, кем дегенде, олардың санын шектеуге тырысқан жөн.

А. Оралқызы