Күнделікті тұрмыстағы теледидардың санамызға әсері зор. Оны шынайы өмірдің миллиондаған есе кішірейтіліп, көк жәшікке салынған үлгісі десек те болады. Мұның себебі неде екен? Әрқайсыңыздың жауаптарыңыз әртүрлі болатындығы анық. Себебі әр адам көк жәшікті әртүрлі мақсатта қосады. Сонымен көрермендердің қандай түрлері бар екендігін анықтап көрейік:
1. Эстет. Эстеттер жоғары талғамды жақтаушылар. Ондай адамдарды бірен-сараң көретін заман артта қалды. Олар жан-жағымызда толып жүр. Теледидарға отырмас бұрын, әртүрлі салада жүрген сыншылардың пікірлерін оқып алады. Артынша сол пікірлермен көргендерін байланыстырып, сын көзбен қарайды. Әрі өте сезімтал келеді. Өзін тебіренткен фильмін ертесінде достарына айтып, олармен ой бөліседі.
2. Фанат. Актерлердің, режисерлер мен тележүргізушілердің есімдерін толығымен жаттап алады. Тіпті, телехикаялардағы кейіпкерлердің өмірімен өмір сүреді. Олар үшін уайымдап, артынша барынша толық мәлімет жинауға кіріседі. Осындай қасиеттерінің арқасында болашақта шоу бизнес саласынан орын алып жатады. Олар үшін қандай орын алатындығы маңызды емес, бастысы өздері қызығатын сала болатындығы.
3. Интеллектуал. Олар теледидар көрмейді әрі мұны үнемі айтып отырады. Алайда бұл жерде бір өтірік бары анық. Ондай адамдар ең болмағанда жаңалықтарды қарайды.
Біріншіден, ондай адамдар теледидардан алған мәліметтерін бұрын-соңды естігендерін алға тартып, өздерінің мықты екендіктерін көрсетеді.
Екіншіден, кейде интеллектуалдар телехикаялар мен комедиялардың алдында әлсіздік танытады. Дәл сол уақытта өздеріне сылтау тауып, теледидардың қызығына кіріп кетеді. Әдетте, нашар дүниенің де жақсы жақтары бар деп ақталып жатады.
4. Бизнесмен. Әлеуметтік анализдерге сүйенсек, қызметте жолы болған адамдар теледидарды аз қарайды. Онда да қарайтындары тек жаңалықтар мен спорт туралы бағдарламалар. Олар үшін алған жаңалықтары – қарым-қатынастағы басты құрал. Ал спорттық бағдарламалар жарысуды жақсы көретіндіктерін байқатады.
5. Өзіндік ойы жоқ адамдар. Барлығын бірдей көреді. Теледидарды үйге кіре салысымен қосып, ұйықтар алдында әрең дегенде қоштасады. Мұндай адамдар көбіне өз өмірлері жайында ойлана бермейді. Жарнамашылар ондай адамдарды жылдам әрі оңай сендіре алады. Бағдарламаларға қарағанда, жарнамаларды ұнатады. Ұзақ уақытқа созылатын фильмдерді қарауға шыдамдылығы жете бермейді.
Ал сіз жоғарыдағылардың қайсысына жатасыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru