- Негізгі бет
- Психология
- Сіз кімсіз? Бір...
Сіз кімсіз? Бір ағашты таңдаңыз
Мына суреттен бір ағашты таңдап, мінезіңізді таныңыз. Жауабын оқымай тұрып, таңдасаңыз, тест нәтижесі 80 пайыз жағдайда дәл келеді. Ендеше, суретке мұқият зер салып, біреуін таңдаңыз да, жауабын оқыңыз.
1 Ағаш
Бұл ағашты дәл қазір өміріне көңілі толмайтын адамдар таңдайды. Олар ситуацияны жақсы жағына қарай өзгерткілері келеді. Бұл ағашты таңдаған адамдардың басты қасиеттері – батылдық, қызығушылық танытуы, жаңа нәрсеге құмартуы. Олар өзгерістерге ынтық. Бар жүрегімен жаңа білім мен жаңа әсерге ұмтылады.
2 Ағаш
Шыдамды, төзімді адамдар осы ағашты таңдайды. Олар өз мақсатына жете алады. Қадам қадаммен мақсатына ұмтылады. Оларды өз жолдарынан адастыру қиын.
Өз саласының нағыз маманы болған бұндай адамдар жоспармен өмір сүргенді ұнатады. Олар күтпеген жерден болған тосынсыйды ұната бермейді.
3 Ағаш
Шығармашылықтың адамдары. Олар өте креативті, белгілі бір шеңберге сыймайды. Олар қылықты келеді. Тіпті киім кию стильдері де өзге. Олар ашуланса өз-өздеріне есеп бере алмайды, көңіл-күйлері тез құбылады. Милары әдемі ойға толы. Әрі керемет ойларын өзгелерге айтқанды ұнатады.
4 Ағаш
Бұл адамдар – нағыз көшбасшылар. Олар әділдікті сүйеді, мақсаттары мықты. Ондай адамдардан бастықтары айырылмайды, өйткені, бұндай еңбекқор маманды табу қиын. Олар мықты тұлға, жанашыр дос, қауіпті бәсекелес.
5 Ағаш
Олар өте мейірімді және елгезек болады. Әлемді сезіне алады. Олар өзіне қарағанда өзгені көбірек ойлайды. Қоршаған ортасы бақытты болса, ол да бақытты. Олар көп жағдайда бірінші болып кешірім сұрайды. Жүрегіндегі үндестікке көбірек үңілетін жандар осы ағашты таңдайды.
М. Оңғарова