Атақты британ психологі Пип Уилсон жеңіл әрі жылдам тестті дайындап шығарды. Бұл арқылы адамның дәл қазіргі психологиялық-эмоциялық жағдайын анықтауға болады.Суретке қараңыз да өзіңіздің орныңызды анықтаңыз: дәл қай жерде отырған адам сізді еске салады?Суреттегі бейнеленген адамдардың өзіндік көңіл-күйі мен ішкі жағдайын бет-бейнесіне қарап аңғаруға болады. Қай адам сізге көбірек ұқсайды?Таңдау жасап болсаңыз, міне тест нәтижесі: Егер таңдауыңыз 1, 3, 6 немесе 7-ге түссе, бұл сіздің мақсат қоя білетін әрі ешнәрседен қорықпайтын адам екеніңізді дәлелдейді. Егер таңдауыңыз мына нөмірлердің біріне түссе: 2,11,12,18 және 19, онда сіз адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатп әрі оларға қолдау көрсете аласыз. 4 санына таңдасаңыз, онды сіздің ерік-жігеріңіз мықты әрі қалағаныныңызға қиындықтардың бәріне төтеп беру арқылы жететініңізді көрсетді. 5 нөмірі сіз жиі шаршайсыз әрі әлсіздікті сезесіз. Бойыңызда өмірлік күштің аз екенін көрсетеді. 9 нөмірін таңдасаңыз көңіл көтергенді ұнататын жайдарлы адамсыз. 13 немесе 21 өте тұйық екеніңізді дәлелдейді. Өзіңіздің ішіңіздегі қорқынышты жеңуге қауқарсыз адамсыз әрі адамдармен араласудан қашасыз. 8 нөмірі өзіңіздің әлеміңізге саяхаттағанды, өзіңізге ғана аян қиялға берілгенді ұнатасыз. Егер 10 немесе 15 сандары сізді еске түсірсе сіздің өміріңізде бәрі жақсы, өзіңіздің бағытыңызды дұрыс тапқаныңызды дәлелдемек. 14 сіз жиі эмоциональді дағдарысқа ұшырайсыз. 20 саны таңдаған болсаңыз өзіңізді жоғары бағалайтыныңыз, туа бітті лидер екеніңізді аңғаруға болады. Таңдауыңыз 16 санына түсті ме? Өзгелерді қолдаудан шаршағаныңызды білдіреді.