Суреттегі пішіннің бірін таңдаңыз да, өзіңіздің кім екеніңізді біліңіз: 1. Ізденімпаз:Өмірі ізденіс үстінде жүресіз, ылғи жаныңыз өзгерісті талап етеді. Өзгерістер үшін тіпті тәуекелге бел буудан бас тартпайсыз. Қиындықтардан қашпайсыз және өз дегеніңізге міндетті түрде жетесіз. 2. Реалист: Сәттілік қашан туады екен деп күтіп отыратын жандардың қатарынан емессіз. Барлық нәрсеге өз күшіңізбен етуге тырысасыз. Бос арман мен қиялға мән бермейсіз. 3. Философ: Сіз тыныштықты қалайсыз және тұйықтығыңыз да бар. Әр түрлі тақырыпта өзіңіздің ойыңызды қалыптастырғансыз. Ұзақ уақытыңызды ойлануға жұмсайсыз. 4.Актер: Сіздің бойыңызда бірнеше адам өмір сүретіндей. Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Бірде өте суық болсаңыз, кейде адамдарға сыйлатын жылуыңызда шек жоқ. Кез келген жерде өзіңізді көрсете аласыз. 5.Финансист: Сіз тек есепке сүйенесіз. Сізді логика емес, фактілер қызықтырады. Сіздің ойыңызша, эмоция әлсіздіктің белгісі. 6.Романтик: Сіз шынайы өмірден гөрі арманның құшағында өмір сүруды жөн санайсыз. Күнделікті тірліктен шаршағаныңызда армандай отырып тынығасыз. Сезім сіз үшін бірінші орында. 7.Педагог: Сіз өзіңіздің құныңызды жақсы білесіз. Ерекше ойлайсыз және адамдармен жұмыс жасай аласыз. Кез келген сұраққа сіздің жауабыңыз дайын және дегеніңізден қайтпайсыз. 8.Періште: Сіз айналаңызда болып жатырған мәселелердің барлығын күліп жеңесіз. Өзіңіздің жолыңызбен жеңіл саяхаттайсыз. Сіз үшін шешілмейтін мәселе жоқ. 9.Мәңгілік күрескер: Әділетсіздікті жаныңыз сүймейді. Сондықтан, өзгенің қиындығына бей-жай қарай алмайсыз. Әркез жамандықпен күресуді қалайсыз. Сіз қай түрге жатасыз?