Сіз кімсіз?

Сіз кімсіз?
Фото: iqformat.club

Суреттегі пішіннің бірін таңдаңыз да, өзіңіздің кім екеніңізді біліңіз:

1. Ізденімпаз:
Өмірі ізденіс үстінде жүресіз, ылғи жаныңыз өзгерісті талап етеді. Өзгерістер үшін тіпті тәуекелге бел буудан бас тартпайсыз. Қиындықтардан қашпайсыз және өз дегеніңізге міндетті түрде жетесіз.

2. Реалист:
Сәттілік қашан туады екен деп күтіп отыратын жандардың қатарынан емессіз. Барлық нәрсеге өз күшіңізбен етуге тырысасыз. Бос арман мен қиялға мән бермейсіз.

3. Философ:
Сіз тыныштықты қалайсыз және тұйықтығыңыз да бар. Әр түрлі тақырыпта өзіңіздің ойыңызды қалыптастырғансыз. Ұзақ уақытыңызды ойлануға жұмсайсыз.

4.Актер:
Сіздің бойыңызда бірнеше адам өмір сүретіндей. Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Бірде өте суық болсаңыз, кейде адамдарға сыйлатын жылуыңызда шек жоқ. Кез келген жерде өзіңізді көрсете аласыз.

5.Финансист:
Сіз тек есепке сүйенесіз. Сізді логика емес, фактілер қызықтырады. Сіздің ойыңызша, эмоция –әлсіздіктің белгісі.

6.Романтик:
Сіз шынайы өмірден гөрі арманның құшағында өмір сүруды жөн санайсыз. Күнделікті тірліктен шаршағаныңызда армандай отырып тынығасыз. Сезім сіз үшін бірінші орында.

7.Педагог:
Сіз өзіңіздің құныңызды жақсы білесіз. Ерекше ойлайсыз және адамдармен жұмыс жасай аласыз. Кез келген сұраққа сіздің жауабыңыз дайын және дегеніңізден қайтпайсыз.

8.Періште:
Сіз айналаңызда болып жатырған мәселелердің барлығын күліп жеңесіз. Өзіңіздің жолыңызбен жеңіл саяхаттайсыз. Сіз үшін шешілмейтін мәселе жоқ.

9.Мәңгілік күрескер:
Әділетсіздікті жаныңыз сүймейді. Сондықтан, өзгенің қиындығына бей-жай қарай алмайсыз. Әркез жамандықпен күресуді қалайсыз.

Сіз қай түрге жатасыз?

Т. Есқали