Өзіңіздің әлі күнге дейін не істеп жүргеніңізді түсінбей, бас қатырып жүрсеңіз, онда сіз "Мен" ұғымынан айырылған жандардың қатарындасыз. Психологтар ұсынған "Мен кіммін?" сауалына жауап іздеп көріңіз.
Сіз соңғы рет аспанға қашан қарадыңыз? Сізге соңғы рет кім жақсы сөз айтты? Анаңызбен соңғы рет қашан сырластыңыз? Мақтау сөз айтқанда қандай күйде боласыз? Соңғы рет сіз кімге жақсылық жасадыңыз? Жаныңыз шаттанып қашан қуандыңыз? Қуантуға жағдай жасап жүрсіз бе? Жақындарыңызға. Достарыңызбен соңғы рет қашан демалдыңыз? Өзіңізді жиі кінәлайтын болсаңыз, сенімсіздік бойыңызда аз болғаны. Түн уақытында өзіңізге есеп бересіз бе? Өзіңізді соңғы рет қашан жалғыз сезіндіңіз? Табиғатпен сырласуды білесіз бе? Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз? Сыйлық жасауды ұнатасыз ба?Осы сұрақтарды өзіңізге қойып жауап беріңіз. Сонда өзіңіздің қандай жан екеніңізді түсінетін боласыз.
Дереккөз: anabol.kz