Сіз кімсіз?

Сіз кімсіз?
Фото: vk.com

Өзіңіздің әлі күнге дейін не істеп жүргеніңізді түсінбей, бас қатырып жүрсеңіз, онда сіз "Мен" ұғымынан айырылған жандардың қатарындасыз. Психологтар ұсынған "Мен кіммін?" сауалына жауап іздеп көріңіз.

  • Сіз соңғы рет аспанға қашан қарадыңыз?
  • Сізге соңғы рет кім жақсы сөз айтты?
  • Анаңызбен соңғы рет қашан сырластыңыз?
  • Мақтау сөз айтқанда қандай күйде боласыз?
  • Соңғы рет сіз кімге жақсылық жасадыңыз?
  • Жаныңыз шаттанып қашан қуандыңыз?
  • Қуантуға жағдай жасап жүрсіз бе? Жақындарыңызға.
  • Достарыңызбен соңғы рет қашан демалдыңыз?
  • Өзіңізді жиі кінәлайтын болсаңыз, сенімсіздік бойыңызда аз болғаны.
  • Түн уақытында өзіңізге есеп бересіз бе?
  • Өзіңізді соңғы рет қашан жалғыз сезіндіңіз?
  • Табиғатпен сырласуды білесіз бе?
  • Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?
  • Сыйлық жасауды ұнатасыз ба?

Осы сұрақтарды өзіңізге қойып жауап беріңіз. Сонда өзіңіздің қандай жан екеніңізді түсінетін боласыз.

Дереккөз: anabol.kz

Р. Роза