- Негізгі бет
- Психология
- Сіз кімсіз? ...
Сіз кімсіз?
Фото:
vk.com
Өзіңіздің әлі күнге дейін не істеп жүргеніңізді түсінбей, бас қатырып жүрсеңіз, онда сіз "Мен" ұғымынан айырылған жандардың қатарындасыз. Психологтар ұсынған "Мен кіммін?" сауалына жауап іздеп көріңіз.
- Сіз соңғы рет аспанға қашан қарадыңыз?
- Сізге соңғы рет кім жақсы сөз айтты?
- Анаңызбен соңғы рет қашан сырластыңыз?
- Мақтау сөз айтқанда қандай күйде боласыз?
- Соңғы рет сіз кімге жақсылық жасадыңыз?
- Жаныңыз шаттанып қашан қуандыңыз?
- Қуантуға жағдай жасап жүрсіз бе? Жақындарыңызға.
- Достарыңызбен соңғы рет қашан демалдыңыз?
- Өзіңізді жиі кінәлайтын болсаңыз, сенімсіздік бойыңызда аз болғаны.
- Түн уақытында өзіңізге есеп бересіз бе?
- Өзіңізді соңғы рет қашан жалғыз сезіндіңіз?
- Табиғатпен сырласуды білесіз бе?
- Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?
- Сыйлық жасауды ұнатасыз ба?
Осы сұрақтарды өзіңізге қойып жауап беріңіз. Сонда өзіңіздің қандай жан екеніңізді түсінетін боласыз.
Дереккөз: anabol.kz