Бір сәтке жаңбырлы түнде өзіңізді көлікпен келе жатырмын деп елестетіп көріңізші. Аялдамада автобус күтіп тұрған 3 адамды көресіз.
Бұл адамдар:
♦ Қатты ауырып тұрған әжей.
♦ Сізге бір кездері көмек берген досыңыз.
♦ Арманыңыздағы ару немесе жігіт.
Егер көлігіңіз тек 2 адамға ғана арналған болса, олардың қайсысын өзіңізбен бірге ала кетесіз?
Ары қарай оқымас бұрын жақсылап ойланып, жауап қайтарыңыз.
Аталған сұрақ ірі компаниялардың бірінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында қойылған екен. Бірініші кезекте әжейді апарсаңыз да болады. Себебі, ол өлім мен өмір арасында арпалысуда. Әлде жақсы досыңызды таңдағаныңыз дұрыс па? Оның бұған дейін жасаған жақсылығын қайтара аласыз. Алайда өмірлік жарыңызды екінші рет кездестіре алмай қаламын деп қорықпайсыз ба?
Жұмысқа қабылданушы 200 үміткердің бірі ғана бұл сұраққа қиналмай жауап берген екен. Ол: «Мен ескі досыма көлігімнің кілтін беріп, әжейді ауруханаға алып баруын өтінемін. Артынша өзім армандағы аруымның жанында қаламын», - деп жауап берген екен.
Кейде қалыптан тыс ойлау қиын мәселенің жауабын шешуге көмектеседі.
Сурет: Гаухар Зукенова