- Негізгі бет
- Психология
- Сіз қандайсыз? Британиялық...
Сіз қандайсыз? Британиялық психологиялық тест
Бұл тестті құраушылар 94% сәйкес келетінін айтады. Суреттен бір не бірнеше ағашты таңдаңыз.
1. Сіз әрдайым биікке ұмтыласыз, барлығынан жоғары тұруды қалайсыз. Мемендігіңіз жоғары деңгейде. Бірақ эгоист емессіз. Бар күш-жігеріңізді жұмысқа жұмсайсыз. Себебі әлемді жақсы жағына өзгерткіңіз келеді. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.
2. Сіз қатал адамсыз, дегенмен жақындарыңыз сіздің қасында өзін қауіпсіз сезінеді. Жеке басыңызға қатысты және қаржылық жетістіктерді жақсы көресіз, бірақ оны ең бірінші орынға шығарып жібермейсіз.
3. Кез келген адаммен оңай әрі тез араласып кетесіз. Елгезек адамсыз, барлығына түсіністік танытасыз. Адамдарға ақыл айтпай-ақ, тыныш тыңдай аласыз. Өзгелерге көмектескен өте ұнайды.
4. Сіз ойшыл жансыз. Сіздің пікіріңіз бен идеяңыз өте маңызды. Өзіңіздің көзқарасыңыз бен теорияларыңызды талқыға салғанды жақсы көресіз. Ойлана алатын, көп оқитын кісілермен әңгімеңіз жарасады. Ештеңеге жеңіл-желпі қарамайсыз.
5. Өте сабырлы жансыз. Ештеңеге бас қатырмайсыз. Барлығын жеңіл қабылдайсыз. Уақытты әрдайым жақсы өткізесіз, өз рельсіңізден де шықпайсыз. Өмірде әркімнің өз жолы бар деп есептейсіз.
6. Жауапкершілігіңіз жоғары деңгейде. Адамдарға қамқор болып, қол ұшын созудан талмайсыз. Ешкімге, ештеңеге тәуелді емессіз. Өмірде не қалайтыныңызды жақсы білесіз, үнемі соған қарай қадам жасап отырасыз.
7. Сіз ақжарқын, тапқыр адамсыз. Өзгелер сізге өзіндей сенім арта алады. Құлышынысыңыз тасып тұр. Жаныңызда жүргендердің сізге деген таңданысы күн санап арта түседі.
8. Зерделілігіңіз өте жоғары деңгейде. Сіздің типіңіздегі адамдардың интеллектуалдық деңгейі IQ 145 пунктіне жетуі мүмкін. Бұл кемеңгерліктің шегі саналады.
9. Сіздің сезу түйсігіңіз жақсы дамыған, эмоцияға да байсыз. Әр нәрсеге шығармашылық көзқарас танытып, әр сәттен бір нәрсе үйренуді көздейсіз.
@. @assel_assanova