Адамдардың қолдарына, саусақтарына қарап мінезін, бойында бар түрлі ауруларын анықтауға болады. Тек қолдың көлемін ғана емес, мұнымен қатар түсін, саусақтардың ерекшеліктерін, тырнақтарды пайдалануды ұсынамыз.
![]() | 1. Қалыпты тип – алақаны жалпақ, ал саусақтары қысқа қолдар. Өзін-өзі ұстай алмайтын, аз дөрекілігі бар, өмірлік ұстанымы жоқ адамдар. | |
| 2. Төртбұрышты тип – алақаны әдеттегі қолдарға қарағанда үлкен. Интеллектісі орташа, жинақы, барлығын уақытымен орындайтын, заңды барынша құрметтейтін, дәстүрдің алдында бас иетін жандар. Бейбітшілікті жақсы көреді. | ![]() | |
![]() | 3. Күрек тәрізді тип – алақанның көлемі әр түрлі. Интеллектісі жоғары, энергияға толы, тәуелсіз жандар. Шығармашылық белсенділігінің жоғары, мақсаты айқын болғандығына қарамастан, бұндай адамдар тәуекелшіл әрі тұрақсыз болып келеді. | |
| 4. Философиялық тип – алақаны барынша ұзын, саусақтың буындары айқын білініп тұратын қолдар. Ерекше ойлайтын, өмірге деген эксцентристік көзқарасы бар, көпке сырын аша бермейтін, жұмбақ өмірді жақсы көретін жандар. Айналадағыларға мінезін көрсете бермейді. | ![]() | |
![]() | 5. Әртістік тип – ұзын, майысқақ, саусақтарының ұшы жіңішке қолдар. Өте сезімтал. Үнемі сыртқы көзқарасқа тәуелді, өзгелердің пікірін көп тыңдайтын, тұрақсыз жандар. Шыдамсыздығына қарамастан, шығармашылықпен белсенді түрде айналысады. | |
| 6. Идеалды тип – әртістік типке қарағанда алақаны мен саусақтары ұзын. Өзгелерге жүрегі жылып тұратын, арманшыл жандар әрі адал, түйсігі мықты, тылсым күштердің иесі болуы да ғажап емес. Өкінішке орай, көрсетерлік мінезі жоқ, меланхолик. | ![]() | |
![]() | 7. Аралас тип – бұндай типтегі адамдардың мінезін дөп басып айту қиынға соғады. Оларда жоғарғы типтерде аталған мінездердің барлығы дерлік кездеседі. |
Саусақ буындарының қаттылығы интеллектілік қабілеттің жоғары болып, мінездің жылдам өзгеріп отыратындығын білдіреді.
Ұзын саусақтар мәдениетті жандарға тиесілі.
Қысқа саусақтар – шыдамсыздық, шешімдерді жылдам қабылдау.

Саусақтарға тоқталайық:
1. Төртбұрышты саусақтар – 7 рет өлшеп, 1 рет кесетін, әрдайым абайлап жүретін адамдар.
2. Күрек тәріздес – энергияға толы, өзгелердің пікіріне құлақ асатын адамдар.
3. Тарылған – импульсивтілік, әртістік өнерге бейім. Нақтырақ:
Жіңішке – эстетикалық талғамы зор, өзімен тілдескенді жақсы көреді.
Қысқа әрі толық – эгоизм.
Ілмек тәріздес – ашушаңдық.
Ісіңкі – бақыттың құшағында жүруді жақсы көреді.
4. Буындары бөлінбеген – шешімді ойланбай қабылдайды.
5. Буындары айқын көрінетін – терең ойлайтын, ақылды жандар.

Тырнақ:
1. Қысқа – энергияға толы, өзгелердің ісіне араласуды жақсы көреді.
2. Қысқа әрі жалпақ – өмірге деген сыни көзқарастың иесі, ұстамды.
3. Жалпақ, ұзын әрі ұшы сүйірленген – ойлары анық, өте ақылды.
4. Ұзын әрі сопақ – жеңілтек әрі арманшыл.
5. Үлкен әрі төртбұрышты – флегматик, өзімшіл әрі суық жүзді.
6. Кішкене әрі сына тәрізді – өте сезімтал.
Ал сіздің қолдарыңыз не дейді?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: mysteria.ru
Қ. Бүйенбай






