- Негізгі бет
- Психология
- Сіз бақытты болуға...
Сіз бақытты болуға лайықсыз!
Әлемде қанша адам болса, сонша мінез, сонша тағдыр бар. Екі тамшының бір-біріне ұқсамайтыны секілді, екі адамның ойы бір-біріне мүлде сәйкес келмей жатады. Ойдың бір жерден шықпауына байланысты екі адамның арасында келіспеушілік туындайды. Келіспеушілік – реніш пен ұрыстың бастауы. Ал ұрыс-керіс адамның өмірін қиындата түседі.
Соған қарамастан әр адам бақытты болуға талпынуы керек. Өзін жақсы көріп, өмірге келгеніне, тіршілік кешіп жатқанына қуануы тиіс. "Менен де жағдайы нашар адам бар" деңіз. Осы күніңізге, таңертең оянғаныңызға рақмет айтыңыз. Қаншама адам дәл бүгінгі таңды көре алмай, өмірден өтіп кеткенін ойлаңыз. Бұл өмір сондай керемет!
Әр сәтті қалт жібермеу үшін өз-өзіңізді дамытып, ой-өрісіңізді кеңейтіп, білім алыңыз. Сол білімді жұмысыңызға, отбасыңызға қолданып, табысты тіршілік кешіңіз.
Әлем – шексіз. Сіз сияқты қаншама адам қиындықпен күресіп жүр. Олар да ет пен сүйектен жаралған. Осы шетсіз әлемнің бір нүктесі бола тұра, бақытты болу өз қолыңызда. Сізден ешкім біліміңізді, ойлау қабілетіңізді, мақсатыңызды тартып ала алмайды. Өзіңізді сүйіп, өзіңізге ғашық болсаңыз, айналаңызға шуақ шашып жүресіз. Күліп жүрген адамға қабақты түйіп қарау қиындау. "Таспен атқанды аспен атып", кешірімшіл болуға талпыныңыз. Күн сәулесі бәріне бірдей түседі, оны пайдалану-пайдаланбау – сіздің құзырыңызда.
Cіз бақытты болуға лайықсыз! Сеніңіз! Бізге емес, өзіңізге...
М. Оңғарова