- Негізгі бет
- Психология
- Сыйыңды жоғалтпай ұрсысу...
Сыйыңды жоғалтпай ұрсысу мүмкін бе?
Бұл сұраққа бірден "мүмкін емес" деп жауап берген шығарсыз. Қатты ренжігенде, ол адамға іштегі бар өкпені ақтарып тастамайынша, жанымызды қоярға жер таппай кететініміз бар. Бір сәт ойланыңызшы... Іштегі бар ренішіңізді қатты-қатты сөздермен ақтарып тастадыңыз делік. Әрі қарай не болмақ?.. Әрі қарай сіз өзіңіз үшін ерекше қымбат адамыңыздың жүрегіне өшпес жара салып, одан мәңгілікке айырылуыңыз да мүмкін ғой?..
Олай болса, сыйымызды кетіріп алмай ұрсысуды үйренейік.
1. Ашу жан алқымнан алып бара жатса да, ұрсысу үшін қолайлы, ешкім жоқ жер іздеңіз. Ешқашан сүйген адамыңызды қонақтардың, тіпті бейтаныс адамдардың көзінше төмен түсірмеңіз. Оған дауыс көтеру арқылы оның абыройын төмендетесіз. Сондықтан "қыстың қамын жаз ойлап", өз сыйыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.
2. Оның сізді ренжіткен жағдайға деген ойын тыңдай біліңіз. Бәлкім сіз мүлде қате түсінген шығарсыз?
3. Намысына тиетін ауыр сөздер айтудан сақтаныңыз! Барлық нәрсе өтеді, ал жүрекке қадалған ауыр сөз ешқашан ұмытылмайды...
4. Өз-өзіңізді сабырға шақырып, жүректегі ашуды сейілтуге тырысыңыз. Иә, адамның бәрі-бәрі қателеседі. Тіпті, ол сізге кешірілмес опасыздық жасаған болар? Өз-өзіне ұқсамастан ашу ырқына берілу – тек әлсіз адамдардың ісі. Мықты адамдар өз ашуын жеңе біледі. Сүйікті адамыңызбен ажырасқанның өзінде сыйыңызды сақтап қоштасу сіздің қолыңыздан келеді. Әрқашан ашу, ызадан биік тұрыңыз... Онсыз да өмір шолақ!
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Р. Роза