Сынып бұрышын қалай өңдейміз?

Сынып бұрышы – бұл кез келген сынып бөлмесінің ажырамас бөлігі. Және ол жерде бірінші немесе он бірінші сынып оқушысы отыратыны маңызды емес. Бастысы материалдар барынша қызықты, пайдалы, түрлі-түсті болуы тиіс.

Ол үшін төмендегі заттар қажет:

Стандартты ватман қағазы, оқушылардың суреті, қызықты картиналар, желім, түрлі-түсті қағаз, түссіз файл, қайшы, фломастер, қарындаш, А4 қағаз, қызықты мақалалар және картон қағаздан ойылып жасалған сан қажет болады.

Нұсқаулық

1. Cтандарт ватман қағазын алыңыз. Оны сол күйінде қалдырыңыз немесе қайшының көмегімен формысын өзгертіңіз. Артынша үстіне ақ қағаздан ойылып жасалған жапырақшаларды жапсырыңыз.  Жапырақшалар 4 жерде ілінуі тиіс.

2. Ақ жапырақшаларды қарындашпен бояңыз немесе үстін картиналармен өңдеңіз. Артынша әр жапырақшаның үстіне файл іліңіз. Файлдың ішіне сабақ кестесі, үйірмелердің уақыты, сынып тізімі жазылған парақшаларды салыңыз.

3. Жапырақшалардың жартысын сыныпқа қатысты ақпараттарға, ал қалғанын ата-аналарға арналған мәліметтерге арнаңыз. Мәлімет ретінде қызықты мақалаларды іліп қойсаңыз болады.

4. Келесі бір жапырақшаны оқушы шығармашылығына арнаңыз. Ол жерге түрлі тақпақ, өлең, қолдан салынған сурет, жетістіктерді растайтын мақтау қағазын іліңіз.

5. Және келесі бір жапырақшаны күнделікті ауа райына немесе туған күні болатын оқушыларға арнаңыз. Оқу жылының аяқталуына қанша күн қалғанын жазып отырсаңыз да болады.

6. Сынып бұрышы оқушы жасына сай болуы тиіс. 1-3 сыныпта оқитындар үшін суреттің көп болуы маңызды, ал 3 сыныптан жоғары оқитындар үшін ақпараттың танымдық болуы маңызды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kakprosto.ru