- Негізгі бет
- Психология
- Сынға төтеп берудің...
Сынға төтеп берудің жолдары
Еңбегіңізді жұртқа көрсеткен кезде түрлі сынға дайын болуыңыз керек. Сіздің жетістігіңізге неғұрлым көп адамның көзі түссе, соғұрлым көп сын естуіңіз анық. Ауыр сынға қалай төтеп береміз?
1. Терең дем алып, бойды еркін ұстау
Еріксіз қиялға ие жандардың бәріне тән әдет: бізбен болуы мүмкін жаман жағдайларды елестетуге әуес. Алайда, оның көбі орындалмай, бос әурелену болып шығады. Сын — өміріңізге үлкен әсер ететін құбылыс емес. Терең дем алып, алдағы уақытта сізбен болуы мүмкін нәрселердің бәрін алдын ала қабылдаңыз.
2. Қайсарлану
Сынды көтере білу қабілеті табиғаттан дарыған нәрсе емес. Ол өмірде талай сынды естіп, оларға төтеп бере алғандықтың нәтижесі. Жетістіктеріңізді, еңбегіңізді көрсете біліңіз. Ал адамдар не айтса да, өз еркінде. Шыңдалыңыз, өз салаңыздың тамаша маманы болуға тырысыңыз. Неғұрлым көп сын естісеңіз, соғұрлым оның қауіпсіз екенін түсінесіз.
3. Соққыдан жалтару
Әрбір жаңа сын – жаңа мақсат қоюға себепші. Қандай сын еститіңізге ешнәрсе кепіл бола алмайды. Ал сол сынға қандай жауап қайыру өзіңізге байланысты. Айтылған сынның 50 пайызы шындыққа негізделгенін жадыңыздан шығармаңыз. Сол себепті ауыр сынды қабылдағыңыз келмесе де, еңбегіңізді шыңдай түсуге ұмтылыңыз. Тіпті, қатігез сын иелеріне әдейі жақсара түсуді мақсат етуіңізге болады. Алайда, жетістік – алдымен, өзіңіздің таза ниетіңізден туындайтынын ұмытпағайсыз.
4. Осал жерлерді қорғау
Жасаған жұмысыңыз «жеке» саналса, жұртқа көрсетпегеніңіз дұрыс. Бірақ жазушы Колин Маршаллдың сөзін есіңізде ұстаңыз: «Әрдайым сыннан қашу – өзіңе қол жұмсаумен тең». Сізге ауыр естілер сөз, сын бар жерлерден, жағдайлардан қашқақтасаңыз, қоғаммен араласа алмай, өмірдің ащысын да, тәттісін де көрмей өтуіңіз әбден мүмкін.
5. Тепе-теңдікті жоғалтпау
Еңбегіңіз – қолыңыздан тамған бал, бірақ сіздің тұлғалық қасиетіңіздің көрсеткіші емес екенін ұмытпаңыз. Бұл фактіні көбінде суретшілер қабылдай алмайды. Себебі олар өз суреттерін өмірінің үлкен бөлігі деп санайды. Сіздің еңбегіңізді емес өзіңізді жақсы көретін отбасы, достарыңызға жақын болыңыз. Жұмысыңызға, жетістігіңізге айтылған сын - сіздің жеке тұлғаңызға айтылған сын деп қабылдамаңыз.
Ал сіз сынды қабылдай аласыз ба?
Сурет: ©Гаухар Зукенова
Ұқсас жазба:
Сын неліктен намысымызға тиеді?
Ф. Абилова