Сынға жауап: Стив Джобс тәсілі

Сынға жауап: Стив Джобс тәсілі
Фото: BUSINESS.MN

Өзіңе айтылған сынға шыдай алмай, эмоцияға берілетін сәттер болады. Қандай сын болмасын өзіңді ұстау үшін Стив Джобстың мына 5 кеңесіне құлақ асыңыз.

Сынды болжай біліңіз

Топ алдында сөйлесеңіз не жаңа жобаны таныстырсаңыз қандай сын айтылуы мүмкін екенін алдын ала болжап, соған қарай дайындалыңыз. Сын айтылған кезде тосылып қалмай анық жауап беруге, күтпеген қолайсыз сұрақтарға жаттығып, жаттап алу қажет.

Бірден жауап беруге тырыспаңыз

Айтылған сын көңіліңізді түсірсе не ашуға тисе бірден жауап қайтарудан аулақ болыңыз. Асықпай, ойланып, араға аз ғана уақыт салып барып сөйлеңіз. Жауапты дұрыстап ойланып алған жөн. Қажет болса бір стақан су ішіп, ойыңызды жинақтап, сөзіңізді саптаңыз.

Агрессияңызды көрсетпеңіз

Кез келген сынға агрессиясыз, жылы шырай танытып жауап берген жөн. Стив Джобс өзіне айтылған сынға бірде былай деп жауап қатқан: "Бірдеңені өзгерткің келгенде осы сұрақ қойған адамдардың айтқаны дұрыс болып, үлкен қиындық тудырады". Ол бұл жауабымен сын айтқан адаммен келіскен сыңай танытқанымен, артынша өзінің нақты пікірін асықпай жеткізді. Сын айтқан адамның ойымен келіспесеңіз де агрессияға бой бермеңіз.

Өзіңізге қолайлы сұрақтарға ғана жауап беруге тырысыңыз

Стив Джобс ешқашан жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап бермейтін. Оның орнына жұмысы жайлы қарапайым сұрақтарға оңай жауап табатын. Саясаткерлер көбіне осы тәсілді қолданады. 

Қателікті мойындаудан қашпаңыз

Жанашырыңыз тек өзіңіз екенін естен шығармаңыз. Егер қателік кеткенін түсінсеңіз оны мойындауға үйреніңіз. Алдағы уақытта қателікті қайталамау үшін оны ескеру қажет.

А. Рысдәулет