- Негізгі бет
- Психология
- Сыңарымды қалай таңдаймын?...
Сыңарымды қалай таңдаймын?
Өмір жолында бірге болатын адамды таңдау үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Бұл істе сізге көмекші болатын кеңестерді ұсынамыз.
Сыңарыңды таңдауда көзіңізді жұмып, ол дегенде жүрегіңіз не сезетінін біліңіз. Оның мейірімділігі, ақылдылығы, адалдығы, сізге және өзіне қамқор бола алуы жайлы ішкі дауысыңыз не дейді?
Мықты да, сезімтал адамды таңдаған дұрыс. Мықты дегенді түсіндіру үшін, ағашты мысалға алуға болады. Күшті жел тұрса, ағаш онымен бір бағытқа қарай майысады, майыспайтын болса сынып кетеді. Ал сезімталдылық дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды көре білу, жалпы, еті тірі адам болу керек. Біраз адамға бұл тұрғыда көмек керек. Алайда, көп жағдайда адамдардың болмысы сезімтал болып келеді, тек олар оны көрсетпеуге тырысады.
Сіз жүрегін ауыртқанда, соны білдірте білетін адамды таңдаңыз. Сондай-ақ сіздің көңіліңізге тиіп, ренжіткенде соны көре білетін, сол ісіне өкіне білетін адамды таңдаңыз. Бұл өте маңызды. Мұндай жағдайда әр адам әртүрлі әрекет жасайды: біреуі өзімен-өзі қалғысы келеді, басқасы айқай-шу шығарады. Экстраверттердің сыңары өзіне-өзі кетіп қалғанда, жүйкесі жұқарып, бұны түсіне алмай, ренжиді. Керісінше, сіз көңіліне қаяу түсірген жағдайда еш ренішсіз жүрген адамнан қорқуыңыз керек. Себебі мұндай әрекеттің екі мағынасы болады: не бұл адамның сезімталдылығы ең төмен деңгейде, не ол сізден бас тартып, сіздің қасыңызда тірі, сезімтал болғысы келмейді. Көп адам өмірінде бірнеше «сезім тәжірибесінен» өтіп, махаббат атаулыдан көңілі қалған. Мұны да ескергеніңіз жөн. Кез келген қарым-қатынаста реніш болатыны бәрімізге мәлім. Бірақ, бұл дегеніміз адамның осал жеріне қайта-қайта пышақ тығу емес. Кейде өткенде болған қарым-қатынастан білдірілмей қалған үлкен реніш болады. Бұл жаңа қарым-қатынаста су бетіне шығуға тырысады. Бұны сезгеніңізде өзіңізді тежеп тұрыңыз.
Сіздің құндылықтарыңыз бір болғаны абзал. Ол дегеніміз бала, үйдегі адамдар, ақша, т.б. мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Алайда, барлығы бірдей болуы да екіталай. Бір-біріңіздің құндылықтар жайлы көзқарастарыңызды басында талқылап, біліп алғаныңыз жөн.
Басқаларға жаны ашитын, ниет білдіре білетін адамды таңдаңыз. Сізді тыңдай білетін адамды таңдаңыз. Сізге уақытын бөлуге ынтасы бар адамды таңдаңыз.
Жалғасын кезекті материалымыздан оқи аласыздар
Сурет: Дарья Лапина
Ф. Абилова