Онтариодағы Батыс университетінің мамандары адамның психикалық денсаулығына сүйіктісі туралы ойы әсер ететіндігін анықтады. Жалпы бұл тәжірибеге 183 адам қатысқан. Әрбір қатысушы белгілі бір уақыт ішінде өзінің сүйіктісі туралы ойлауы керек болған. Нәтижесінде бұл жақсы ойлар қандағы қант мөлшерінің көтерілуіне әсер етіп, артынша көңіл-күйлері де жақсарған. Мұнымен қатар, қатысушылар басынан позитивті күйзелісті өткерген. Яғни эустресс дегеніміз – жағымды ойлар мен дұрыс көңіл-күйдің нәтижесінде орын алатын күй.
Бұдан өзге зерттеуге қатысушылардың арасында жаңа кездескендер ғана емес, отбасын құрып алған жұптар да қатысқан. Осыған байланысты зерттеушілердің бірі Сара Стэнтон махаббатпен байланысты күйзеліс денсаулыққа пайдалы екендігін айтады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Yerlan Kidirov (өңделген)