Жаңа ғасырдың жарасқан жұптары сүйіктілеріне "Жаным", "сүйіктім", "сүйкімдім," құйтақандайым" сөздерін айтады. Ал сіз қызыңызды қалай еркелетесіз? Мәселе мұнда емес, мәселе мыңдаған, миллиондаған жұптардың жарасып, көңіл кірбіңдерін жаза алуында...
* * *
Қазақ тілінде қолпаштайтын да, мадақтайтын да, еркелететін де сөздер жеткілікті, ұзын саны қайсысын алсаңыз да, қайран қалдырады. Әсіресе, әйел баласын аялауға арналған сөздерді тізіп шығу мүмкін емес.
Нәзік жандылар жылы сөзге келгенде ерекше елең ете қалары анық. Табиғат солай жаратқан соң, солай да болар. Мысалы, ең алдымен анаңызға жылы сөз айтқан шығарсыз (онда да бір нәрсені бүлдіріп қойып, жылы жаба қою үшін), сонда байқадыңыз ба?! Анаңыз қалай қуанды десеңізші, ақ жаулықты кісіге жылы сөзден артық мейір де, сыйлық та жоқ.
Батыстық ғалымдар бір сауалнамада еуропалық жігіттердің қыздарын аз еркелететіндіктерін, бірақ көңіл кірбіңдерін жазуда алдарына жан салмайтындықтарын анықтап отыр. Ал азиялық жігіттерге келсек, сол тұста ақсап жататын секілдіміз. Аялайтын ақ адал сөздерді тізіп айтып жатқанымызбен, кешірімге келгенде, одан бұрын, түсінусуге келгенде тым қатал болып шығамыз.
Адам болған соң, ең аяғы пенде болған соң жаза баспай тұра алмайсың. Бір жерден дұрыс, бір жерден бұрыс кетіп жатасың. Ол тұрғыда жас жігіттің де, жас қыздың да аты аталады. "Қателік" бар болған ұғым болған соң, жасау үшін шығарылған. Және қателік жасадым екен деп, қарақан басқа сауға сұраған дұрыс емес. Осы тұста ер адам қарым қатынасты жөнге келтірер бірінші еге саналады. Ал қыз баласы қарым қатынасты орнатуға өз үлесін қосуы тиіс.
Ұрсысып жатсаңыз, бұны заңдылық деп қабылдаңыз. Жарасқан жұптардың жарасы жазылар тұс осы. Қыз баласы қанша қарсылық көрсеткенмен, ақырын көрсетеді. Қайтарып алыңыз, қолынан қатты қысып тұрып, құшаққа алсаңыз, көңілі босап сала берер...
Жігітіңіздің алдында бар кінәңізді жайып салмастан бұрын, аталған жанның қаншалықты кешірімді екенін бағамдап үйреніңіз. Сүйіп тұрсаңыз, кейінге қалдырған дұрыс. Өзі бір ұмытылатын, уақыт өте тігісі жазылатын қателер болып тұрады. Сәті келген бір тұста... ең дұрысы, айтпаған...
Автор: Фараби Арыстанбек
сурет: kinouho.livejournal.com