Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез бар. Осы түрлі мінез бір-бірімен тоғысып, ғашық жандар өмір бойы бірге болуға сөз байласқан кезде, бір-бірінің кемшіліктерін байқай бастайды. Бірі - түсіністікпен қарап, тек артықшылықтарын бағаласа, екіншісі - сыйыспайтындығын айтып, айыптаумен болады. Сол себепті өмірлік серігіңізді таңдау барысында қателеспеңіз. Оның мінезін жақсылап танып алыңыз. Ал шынайы мінезін тануға төмендегі аз-кем мәлімет көмектеседі деген үміттеміз.
Сүйіктіңіздің мінезі туралы білгіңіз келсе, оған жеміс-жидек ұсыныңыз.
Цитрусты жақсы көретін бойжеткендер өте нәзік әрі қарапайым болып келеді. Ерке мінезіне қарап кейде "жеп қойғың" келіп отырады. Айналасындағыларға тек қана жағымды әсер сыйлайды. Өте ақылды.
Апельсин. Бұл жемісті жақсы көретін қыздар мәдениетсіздік танытудан аулақ жүреді. Одан ойланбастан көмек сұрауыңызға болады. Қолынан келгенін аямайды. Қажет болғанда орынды пікір айтып, үнемі шабыттандырып отырады. Оның жанында өзіңізді құстар сайрап тұрған бақшада отырғандай сезінесіз.
Ал апельсинді ұнататын жігіттер өте тұрақты, өзіне сенімді келеді. Алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды. Екі сөйлемейді. Берген уәдесін орындайды. Әрбір секундты бағалап, кездесуге уақытында келеді.
Банан. Бұл жемісті жақсы көретін қыз мансапты бірінші орынға қояды. Өзін дамытқанды ұнатады. Әрбір істі асқан ыждахаттылықпен орындайды. Ұйымдастырушылық қабілетке ие. Мұндай бойжеткендерден жақсы басшы шығады.
Өкінішке орай, өздерін еркелеткенді ұнатпайды. Сынды көтере алмайды. Туған бауырлары мен сіңілдерін еркелетпейді. Кейде оларды ер мінезді қыздар деп те атайды. Оларға бананды жақсы көретін жігіттер сай келеді.
Бананды жақсы көретін жігіттер керісінше нәзік келеді. Жылы қарым-қатынасты ұнатады. Сөз таластырмайды. Жауырыны қақпақтай болса да, өзгелердің пікіріне жиі ереді. Сүйіктісінің көңіл күйіне сай әрекет жасай алады. Сол себепті бананды жақсы көретін қыз бен жігіттің қарым-қатынасы берік болады.
Алмұрт. Осы жемісті жақсы көре ме? Бұл бойжеткендер жаңа таныстықты, ерекше әсерге бөленуді ұнатады. Үйге қонақ шақырып, үй шаруасымен айналысқанды жақсы көреді.
Ал алмұртты жақсы көретін жігіт Қожанасырдың өзіндей әзіл-қалжыңды жақсылап айтады. Көңілді жүреді. Айналасындағыларды күлдіре алады. Сөзбен орақ оруды жақсы көретін бұл жігіт үй шаруасына ешуақытта көмектеспейді. Қолынан ешнәрсе келмейді десек те болады. Алайда қиын-қыстау кезеңде тірек бола біледі.
Алма. Аталған жемісті жақсы көретін жігіт пен қыздың мінезі ұқсас келеді. Барлық істі уақтылы орындап, бастықтың айтқанын екі етпейді. Мұндай адамдар өте тұрақты болатындықтан, басшылық оларды ерекше құрмейттейді. Оларға ең маңызды деген істерді тапсырып, уақтылы орындайтындарына сене берсеңіз болады. Әңгіме барысында өте қызықты мәліметтер айтып береді.
Шабдалы. Аталған жемісті жақсы көретін қыздар бір қарағанда қатал болып көрінуі мүмкін. Бірақ сырт көзге ғана осылай көрінеді. Шындығында олар өте жұмсақ әрі көңілшек болып келеді. Мұндай қыздардан қамқор ана шығады. Бір үйдің отынын түтетіп, берекесін кіргізіп отыратын әйел десек те болады.
Шабдалыны жақсы көретін жігіттер өте тәрбиелі келеді. Қызбен қарым-қатынаста сыпайылық таныта алады. Түрлі қошемет сөз айтып, өлең оқып береді. Бөлме ішін гүлге орандырып, сүйіктісіне ән айтып беруі мүмкін. Тұрмысқа икемсіз келеді. Көлік жөндеп, шеге қағу дегенді білмейді.
Ананас пен өзге экзотикалық жемістер. Ол өнер мен сұлулыққа құмар. Өте мәдениетті әрі ақылды. Өзін бағалай біледі. Жаңашылдыққа ұмтылып, саяхаттағанды жақсы көреді. Өмір бойы бір ғана адамды жақсы көріп өтеді.
Ал ананасты жақсы көретін жігіттер керісінше тұрақсыз болып келеді. Сұлу қыздарды ұнатады. Болашақ жарын ұзақ уақыт таңдап, кеш үйленеді.
Қарбыз бен қауынды жақсы көретін адамдар ақкөңіл болады. Саяхаттағанды ұнатады. Отбасы мен балаларды қатты жақсы көреді. Отбасының берекесін кіргізіп отыратын жандар десек те болады.
Ал сіздің сүйікті жемісіңіз қандай?