- Негізгі бет
- Психология
- Сүйіктіңіздің көңілін аулағыңыз...
Сүйіктіңіздің көңілін аулағыңыз келсе... (жігіттер үшін)
Кез келген бойжеткен өзгелердің ыстық ықыласына бөленіп, сүйіктісінің көзайымына айналуды ұнатады. Одан әрдайым жылы сөздер естіп, өзіне деген жақсы қарым-қатынас күтеді. Ал көп жігіт бойжеткендердің мінезі мен қалауын түсінбейді. Егер сіз де олардың біреуі болсаңыз, кезекті материалымыз өзіңізге арналады.
Көріскенде және қоштасқан кезде бетінен сүю
Қыз баласы өте сезімтал келеді. Және осы мінездерін жан-жақты көрсетуді жөн көреді. Ал жігіттер өзіңіз білетіндей қатты сүйсе де, жүрегіндегі сезімді сыртқа шығара бермейді. Мейрамда сыйлаған гүлдерінен алған қуаныш қыз баласына келесі мейрамға дейін жетеді деп ойлайды. Бір рет сыйлық сыйласа, тау мен тасты қопарғандай масаттанады. Әрине бұл сөздерімізбен жігіттердің намысына тигіміз келмейді. Бар болғаны бойжеткеннің сізден әрдайым ыстық ықылас күтетіндігін меңзейміз. Ал кездесіп, қоштасқан кезде бетінен немесе маңдайынан сүйіп қойсаңыз, нұр үстіне нұр болатын еді.
2. Құшақтау
Қыз баласы табиғатынан нәзік, кейде тіпті әлсіз келеді. Әрдайым өзіне серік болып, шалынған сәтте демеп жіберер жанды іздейді. Көз жасын мөлдіретіп, қиналған сәтінде иығынан қапсыра құшақтауыңызға болады. Осылайша бұл жалғанда өзін түсініп, жұбата білетін жанның бар екенін сездіресіз.
3. Майда-шүйде
Жігіт қауымының ауқымды деңгейде ойлайтынын білеміз. Сіздер кір жуу, тамақ жасау, ертең не киемін сынды майда-шүйде дүниелерге бас қатырмайсыздар. Саясатқа араласып, ел тағдырына жақсы өзгерістер енгізетін игі істермен айналысуды жөн көресіздер. Десе де біздің көңілімізді аулау үшін, кішкене тосын сыйлар ұйымдастырмасқа амалдарыңыз жоқ. Кез келген бойжеткен гүл шоғынан бас тартпайды. Ең бастысы, сүйіктіңіздің қай гүлді жақсы көретінін шатастырып алмаңыз. Бір гүлдің аздық етері анық. Жанына жылы сөздер жазылған хат қосуды ұмытпаңыз. Жылы күртеңізді ұсыныңыз. Есік алдына барып бормен сурет салыңыз. Қарым-қатынастарыңыздың ұзаққа созылғанын қаласаңыз, қиялыңызға ерік беріңіз.
Ал Сіз сүйіктіңізді қалай қуантасыз?
Сурет: Жасулан Касымбек
Қ. Бүйенбай