- Негізгі бет
- Психология
- Сүйіктіңіздің ата-анасымен танысқанда...
Сүйіктіңіздің ата-анасымен танысқанда
Жігіттердің барлығының басынан өтетін ең қиын сындардың бірі – сүйіктісінің ата-анасымен танысу. Өзін дайындап, қобалжып жүретін жігіттер мұндай кезде өздерін қалай сезініп, ұстау керектігін білмей жатады. Кейде "сасқан үйрек артымен жүзедінің" кейпін танытып, қыздың әке-шешесіне ұнамай қалуы да ғажап емес. Бүгін біз сіздерге осындай жағдайдан қалай өту керектігін баяндап береміз.
Ең бірінші сүйіктіңіз ата-анасымен таныстыруға шешім қабылдап, сізді үйіне шақырғанда аяқ киіміңіздің ең жақсысын киіп баруға тырысыңыз. Себебі, қыздардың көзі ең бірінші жігіттердің аяқ киіміне түскендей, ата-анасы ең бірінші бағасын сол уақытта береді. Сондықтан, бұл сыннан сүрінбей өтуге тырысыңыз.
Сүйіктіңізге үйленуге шешім қабылдасаңыз, алдын ала анасына сыйлық беріп тұруды ұмытпаңыз. Шоколад, балмұздақ, орамал сынды дүниелер сіз туралы жақсы ойлауға көмектеседі.
Өзіңізді бос ұстап, езуіңізге күлкі жинап танысып, басыңыздағы қиын жағдайларды бір сәтке ұмытып, бар ойыңызды керемет кешке арнаңыз. Өйткені басыңыздан өтетін ең бірінші кездесу әдемі өтуі тиіс.
Ата-анасына ақыл айтып, болмаса тақырыптан ауытқып әңгіме айтуды доғарыңыз. Сіз қонақ болғандықтан барлығын назарыңызда ұстағаныңыз жөн. Дұрыс айтылмаған сөз сізге деген пікірін өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы: әкесі ішкі істер қызметінде жұмыс жасап жүрсе, көшедегі жемқор полицейлер мен олардың жұмысының дұрыс емес екендігі туралы.
Анасына жылы сөздер айтуды естен шығармаңыз. "Осындай керемет қызды тәрбиелегеніңізге ризамын" деген секілді сөздер ана жүрегіне жылулық сыйлайды. Ал, әкесімен қандай хоббилері бар екенін сұрап әңгіме айтсаңыз болады. Егер әкесінің сүйікті ісі сізге ұнамайтын болса, сонымен қатар ол кәсіп туралы ақпаратыңыз аз болса, тек басыңызды изеп тыңдауға көшіңіз. Өзінің сүйікті ісі туралы барлық адам ұзақ әңгімелей алады.
B. ZHAQSYMBET