Әр бойжеткен сенімді, өмірінің соңына дейін адал болатын өмірлік жарын жолықтыруды армандайды. Оны қай кезде жолықтыратыныңызды білмесеңіз де, таңдаған сүйіктіңіздің қаншалықты адал екеніне зер салыңыз.
Тоқты: Ақыл мен жүректі қатар ұстайды.
Адалдық деңгейі: 2
Ол өте сезімтал әрі романтик. Ол өзінің сезіміне толықтай сенімді болғандықтан, қалаған сөзіңізді айтады. Алайда асығыс шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Ол өзі ұнатқан жанның жүрегін жаулаған соң ғашықтық оты сөніп қалуы мүмкін. Бірақ болашақта адал жар, жақсы әке болатыны анық. Оның жаңа сезімдерге құмарлығын ескеріп, ең адал адам деп айтуға болмайды.
Торпақ: Мәжнүндей ғашық болмай, әрқашан ақылдың көмегіне жүгінеді.
Адалдық деңгейі: 1
Сезімге іштей қатты берілсе де, оны сырттай көрсетпеуге тырысады. Табандылық таныта білетіндіктен, мақсатына жетпей тынбайды. Қалауы мен сезімі үнемі бір арнада тоғысып отырады. Торпақтар махаббат мәселесіне келгенде өте сезімтал әрі артық сұрақ қоймайды. Шаңырақ көтерген жағдайда сүйіктісінен тек қана адалдықты күтеді. Сол себепті, оларға толықтай сенім артуға болады.
Егіздер: Олардың тұрақсыздығын тұрақтылық деп қабылдаудан басқа амалымыз жоқ.
Адалдық деңгейі: 3
Олар – нағыз жұмбақ жандар. Алғашында сіз туралы көп мәлімет білуге құмартқанымен, іштей қызығушылық танытпайды. Уақыт өте келе жалғыздықты аңсайды. Сол сәт туған кезде барлығын ой елегінен өткізеді. Қарым-қатынастың дұрыс өрбіп келе жатқанын байқаған жағдайда сізді барынша ұстап қалуға тырысады. Ал керісінше болса, сізден алыстайды. Сол себепті сүйіктілерімен жиі айырылысып, жаңа сезім бастауға құмартып тұрады. Олармен тіл табысу мүмкін емес деген сөз емес. Бар болғаны мінезіндегі кейбір ерекшеліктерді ескеруіміз керек.
Шаян: Мінезі жақсы болғанымен, адал жандардың қатарынан табылмайды.
Адалдық деңгейі: 3
Бір қарағанда адал әрі сенімді жан болып көрінеді. Алайда олар өздеріне ыңғайлы болғанын ғана қалайды. Өзін ақтап алу үшін әрқашан сылтау табады. Қарым-қатынаста өте мәдениетсіз келеді.
Арыстан: Оны аң патшасы деп ойлайсыз ба?
Адалдық деңгейі: 1
Көпшіліктен оларды сырт келбеті арқылы ажыратып алуға болады. Үнемі таранып, қымбат киімдер киеді. Материалистер десек те болады. Шын көңілмен сыйлықтар береді. Оларды нағыз адал жандар деп айта аламыз. Тек үш жағдайда ғана онымен айырылысып кетуіңіз мүмкін. Біріншісі – өзіңізді одан жоғары қойған кезде, екіншісі – мансап жолында одан әлдеқайда ілгерілегенде, үшіншісі – қарым-қатынастың тізгінін өз қолыңызға алған жағдайда. Ал қалған уақытта оның адалдықты барынша танытатынына сенімді болыңыз.
Бикеш: Олардың тұрақтылығын ешкім бағаламайды.
Адалдық деңгейі: 1
Қарапайым жандармен оларды шатастырып алмауымыз керек. Театрлық қойылымдарды ұнатпайды. Сізбен бірге той-томалақта билемеуі мүмкін. Мінезіндегі кей кемшілікті айтпағанда, барынша адал жан екеніне сенуіңізге болады.
Жалғасы бар...
Сурет: ©Сергей Федорченко
Оқи отырыңыз:
Ерлер ұжымында жұмыс істеу оңай ма?
Әйел адамға тән нәзіктік қандай болады?
Шаш күтімінің ережелері
Ер адамның болмысын түсіну үшін