Сүйіктіңіз қандай адам?

Сүйіктіңіз қандай адам?
Фото: GRID.MK

Ғашық адам сүйгені үшін бәріне де дайын. Тіпті оның кемшіліктерін де қабылдап, оны кешіре алады. Тек бір қалауы – сүйіктісінің жанынан табылып, қолдау білдіргені. Дегенмен, уақыт өте келе келіспеушіліктер мен өзіндік қиындықтар жолыққанда адамның болмысы мен пайымын жете тануға жол ашылады. Сонымен қатар адамның мінез-құлығына қарап, оның шын мәнінде қандай адам екенін білуге болады.

Жан дүниесі ашық адам

Ол өте белсенді. Аузымен орақ орып отырады. Оны өз ортасының гүлі деуге де болады. Әрдайым сізге уәде беруден жалықпайды. Алайда көп уәделері ескерусіз қала береді. Сонымен қатар ол әңгімелескенді жақсы көреді және оған үнемі орта керек. Сол себепті сіз де онымен жиі сөйлесіп, қолдап отырғаныңыз дұрыс.

Мінезі ауыр, тұйық адам 

Ол баяу қимылдайды. Алайда уәде мен өз сөзіне өте берік. Өзі үшін жұмысты біреудің істегенін ұнатып тұрады. Жаңалық пен өзгеріске шошына қарайтын болса, онда сіз белсенді болуыңыз керек.

Ойшыл адам

Екіжүзді тұлға. Бір жағынан ақылды, оқымысты, екінші жағынан алып қараса ол айналасындағы адамдарды жақтыра бермейді. Алайда қажет адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола алады. Ол сүйкімді, мәдениетті, кез келген жағдайға бейімделе алады. Сүйгені мен жақын жандары үшін қолдан келгенін аямайды.

Тақуа адам

Ол жалғыздықты сүйеді. Алайда сіз ол болмысына түсіністікпен қарағаныңыз жөн. Ондай адамдар апталап жалғыз жүрсе де жалғызсырамауы мүмкін. Алайда мұндай адамдар шын сүйе біледі және өмірлік серігіне адал.

Басшы мінезді адам

Мұндай адамдарда тәртіп бірінші орында тұрады. Ұсақ-түйек шаруаға дейін жоспарлануы тиіс. Алайда шаруаның барлығын көбіне өзі істегенді ұнатады. Ондай тұлғамен бірге тұру қиын. Себебі, ол қандай да бір әрекетімен біреуді ренжітетінін түсінбейді.                                                       

Н. Үсенова