Әр түстің өз мағынасы мен мінезі бар. Олар біздің өмірімізге сіз ойлағаннан да көбірек әсер береді. Әр түс пен реңк қандай да бір сезіммен, ойман сәйкестендіріледі. Қандай түсті киімді жиі алып киесіз? Қай түс жаныңызға жақын? Ендеше, оның сіз туралы не айтатынын біліңіз. Басы Жасыл Жасылдар табиғатты қадір тұтады, далада көп уақыт өткізуге тырысады. Нәзік және алаңсыз. Жақындарыңыз сіздерге дағдарысты кезеңдерде жиі жүгінеді және сіз әрқашан көмектесесіз. Мұндай адамдар қандай да бір жағдайға белсенді қатысушы ретінде емес, көбінесе сырттан қарайды. Жасыл түсте көк (суық түс) пен сары (жылы түс) тең үлесте болғандықтан, сіз де өз өміріңіздің көп саласында теңдестірілген болып келесіз. Тұлғаны сипаттайтын сөздер: сабырлы, көңіл жұбатқыш, эмоционалды, кең пейілді, шыдамды, тұрақты. Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Олар ереже бойынша, ұстамсыз және қызу. Сіздерді тобыр артынан жүретін адамдарға жатқызуға болмайды. Сіздер еркіндікті жақсы көресіздер және әрдайым жағдайды, орынды ауыстырып тұрасыздар. Көк Сіз әрнәрсені кемеліне жеткізуге бағытталасыз және әрқашан табысқа жетесіз. Ұстамды болып келесіздер және әрқашан пікіріңізді айтардан бұрын жүз рет ойланып аласыз. Сонымен қатар, сенгіш болып келесіз. Көктер білім алуға құштар. Тұлғаны сипаттайтын сөздер: сенімді, сақтанымпаз, ұстамды, терең уайымдауға бейімді, жауапты, қатаң, сезімтал. Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Сіз қазіргі уақытта артық уайымнан арылуға тырысып жүрсіз. Еркіндікті ұнатасыз, қандай да бір шектеуді көтере алмайсыз. Күлгін Сіз әрқашан басқаларды өзіңізден жоғары қоясыз және сіздің біреуге қажет болуыңыз сіз үшін өте маңызды. Еркін, әлемді танудың барлық әдістеріне ашықсыз. Сізді тіпті, жақындарыңыз да шынымен білетіндігін сеніммен айта алмайтындай жұмбақ және құпиялы бола аласыз. Күлгін түс қызыл мен көктің қосылысы, сондықтан сіз әрдайым өміріңіздің осы екі қырын теңдестіруге тырысып жүресіз. Ол ішкі қайшылыққа әкелуі мүмкін: сіздің бір бөлігіңіз уайым мен күтпеген жағдайды қаласа, басқасы тұрақтылықты қалайды. Бұл қарсылықты жеңуге медитация көмектеседі. Тұлғаны сипаттайтын сөздер: тартымды, көркем, шығармашыл, жұмбақ, болжағыш, қолы ашық. Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Өзіңізді шығармашыл және жаңашыл адам санамайсыз. Қазіргімен өмір сүресіз және аспанда ұшып жүруге әуес емессіз. Қара Сіз толықтай кез келген жағдайды бақылайсыз және айналаңыздағылар сөзсіз сіздің көмегіңізге мұқтаж деп ойлайсыз. Даулы сәттерде өз пікіріңізді растауға мықтысыз және әдетте, қалағаныңызды аласыз. Қоғамда жоғары орында болғанды қалайсыз, сізді айналаңыздағылар бағалайды және құрметтейді. Сезімдеріңізді іште тереңге құлыптап қоясыз, ал адамдарды жайлы қашықтықта ұстайсыз. Созылмалы күйзеліске түсіп кетпес үшін үй жағдайында болса да аздап бояулар қосқан жөн. Қараға деген бірсәттік махаббат өміріңіздің шынайы түсін таппағандығыңызды білдіруі мүмкін. Тұлғаны сипаттайтын сөздер: беделді, сенімді, қарапайым, нақты, тәуелсіз, әдісқой, жұмбақ, қуатты, байсалды. Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Байсалды болу сізге арналмаған. Қара түсті өте мұңды деп көруіңіз мүмкін. Мұндай адамдардың мінезі сенімді әрі оптимистік болып келеді. Сұр Сіз абыр-сабырдан және бейберекеттіктен қорқасыз, кез келген жағдайда тыныштық пен тепе-теңдік сақтауға тырысасыз. Өзіңізге көп мән бере бермейсіз. Кез келген сұрақта өзіңіздің орнықты ұстанымыңыз және оны қорғайтын көптеген дәлелдеріңіз бар. Сіздің сенімділігіңіз сізді сенімді және шын серіктес немесе жұбай қылады. Сіздің басты арманыңыз тыныш және ырғақты өмір сүру. Тұлғаны сипаттайтын сөздер: сабырлы, еңбекқор, жайлы, сезімтал емес, мақсатты, жасқаншақ. Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Сіз өмірді тек қара мен аққа бөлмейсіз, сіздің ойыңызша, әр күніңіз түрлі эмоциялар мен жағдайларға толы болу керек. Ақ Ақ спектрдегі ең таза түс секілді, үйіңіз де әрқашан мінсіз болып келеді. Сіз минимализм мен қарапайымдылықты жақсы көресіз. Сол секілді сыртқы түріңізде де барлығы әдемі, ұстамды, ұқыпты болады. Айналаңыздағыларға кейде сізден суықтық пен жасандылық үріп тұрғандай көрінеді. Негізінде, сіз нақты әрекетке кіріспес бұрын әр сөзіңіз бен шешіміңізді таразылайсыз. Тұлғаны сипаттайтын сөздер: сақ, икемсіз, момын, жайлы, ақылды, данышпан. Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Бейберекетте шаруаңыз жоқ, хаоста өзіңізді керемет ұстап жүре бере аласыз.