Бұл тестті америкалық психологтар ойлап тапты. Жемістерге тәбеттің тартуы адамның санасынан бөлініп шығады, демек, дәл сол жеміске тәуелді болуы оның психологиялық мінез-құлқына тікелей байланысты. Сіз төмендегі жемістердің қайсысын басқа ештеңемен айырбастамас едіңіз?
Апельсин сүйгіш - мінездері ғашықтыққа жақын адамдар. Ондай адамдар өте жігерлі, іскер, айналадағы адамдардың өздеріне назар аударуын сүйеді, ерекшеленуді жақсы көреді. Олар қарама-қарсы жыныспен ерекше көңілде болуды қалайды. Санаулы уақытта өзіне адамдарды қарату қабілеті бар және де олар дәл осылай өз серіктеріне жеңіл қосылады, тура осылай айырылыса да алады. Италияндықтар апельсин сүйгіштерді махаббатқа тұрақсыз деп қарастырады.
Алмұртты оптимистік мінез-құлықты адамдар сүйеді. Мұндай адамдармен әрқашан көңілді, олар еш уақытта мұңаймайды, олардың айналасы оқиғалар иіріміне толы және көңіл түйсігі жақсы дамыған. Олар тамаша жанқияр достар, әрқашан сіздерге көмекке келуге дайын.
Алма сүйгіштер - әуесқой консерваторлық көзқарасты адамдар. Олар еңбек пен техникалық алға басуды қалайды және ескі заттарды тастағысы келмей, жинай береді. Олардың өмірлік ұстанымы: «Тексерілмеген жаңадан, сыналған ескі жақсырақ». Тәжірибе олар үшін емес.
Құлпынайды қызғаншақтар жақсы көреді және де ондай адамдарға компаниялар және думандар ұнайды, олар адамдармен тату тұра біледі. Бірақ сүйіктісінің көзіне шөп салғанын білсе, кешіре алмайды.
Шие сүйгіштер өте жұмсақ және ақ көңіл адамдар. Олар өз сезімдерін ашық білдіреді және басқа адам үшін құрбан болуға дайын. Мұндай адамдар шын мәнінде әлі бала сияқты, тосын сыйлықтар мен айыпсыз шалағайлықтарға жақын.
Ал сіз қай жемісті барлығынан артық қоясыз?