Қарым-қатынас өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылады. Кейде жақын адамдарға қарағанда, жақын адамдарға дөрекі сөйлеп, ауыр нәрселер айтып қалып жатамыз. Өйткені, олардың кешіретінін білеміз. Дегенмен кешірді дегеніміз, бәрін ұмытты дегенді білдірмейді. Кейде кей сөздер жүректі жаралайтыны соншалықты, мәңгі есте қалып қояды. Бүгін сүйікті адамға айтуға болмайтын тіркестерді ұсынамыз.
1. Бәрі сенің кесірің!
Кінәлау сізге де, сүйіктіңізге де пайда әкелмейді. Тіпті, сүйікті адамыңыз шынымен кінәлі болғанның өзінде, бұл сөзді қолданудан сақ болыңыз. Оның орнына, үнсіз қалған жөн. Ашу басылған соң, мәселені талқылап, кімнен қандай қателік кеткенін бірге анықтауға кеңес береміз.
2. Бұрын "ол" былай істейтін…
Әңгіме барысында өткен қарым-қатынасты қозғау және онымен салыстыру мүлде дұрыс емес. Сүйікті адамыңыз сіз өткенді еске алған сайын алшақтай бастайды. Үнемі салыстыру оның бойында қорқыныш пен өзіне деген жиіркеніш сезімін оятады. Оның үстіне сүйікті адамыңыздың өз-өзіне деген сенімі азаяды.
3. Соған миың жетпеді ме?
Қарым-қатынасты саналы түрде құрсаңыз, сүйіктіңіздің ойлау деңгейі қандай екенін жақсы білесіз. Сондықтан, оның кейде ақылға қонымсыз идеялары мен ойларын мазақ қылып немесе сөгуден аулақ болыңыз. Ондай жағдайда адам тұйықталып қалады. Кейін сізбен ашық сөйлесуден қаша бастайды.
4. Бір нәрсені жөнді істей алмайсың!
Бұны дауыстап айтуға болмайды. Тіпті, ойлаудан аулақ болыңыз. Оның істеуге ниет білдіріп, тырысқаны үшін алғыс білдіріңіз. Қолынан келмесе, мәселе емес. Біріге отырып, басқа жолың көруге болады.
5. Айттым ғой саған…
Өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдегеннен не ұттыңыз? Ештеңе.Тек сүйіктіңіздің сізден көңілі қалады. Қасыңыздағы адамға қателік жіберуге, одан сабақ алуға мүмкіндік беріңіз. Сіздің міндетіңіз – оны үйрету емес, қолдау және сүю.
6. Киме мынаны, шеш!
Қарым-қатынас құруға шешім қабылдамай тұрып, сіз үшін оның не киіп, не ішетіні маңызды болған жоқ. Онымен бірге сезінетін сезімдерге ғашық болдыңыз. Бірақ, бәріне қол жеткізгеннен кейін оны өзгертуге тырысамыз. "Киме" деген тыйымның орнына бірге дүкен аралап жүріп, таңдауға көмектесіңіз. Бірден өзгертуге тырыспай, сөйлесе отырып, оның неге ұнамайтынын, не қарсылық білдіретініңізді ашық айтыңыз.
7. Менің анам басқаша істейтін…
Әсіресе ер адамдар өз жарын анасымен жиі салыстырады. Отбасын құрғанда сүйіктіңіздің бөлек отбасынан, бөлек тәрбиемен келгенін ұмытпаңыз. Жарыңыз ешқашан анаңыздай бола алмайды. Өйткені, сіз өзіңізге ана емес, қасыңызға демеу болатын жан-жарын іздедіңіз. Оны сол күйінде қабылдаңыз. Қаласаңыз, анаңыздың рецептісімен тағамды өзіңіз дайындап көрсетсеңіз болады.