Қарым-қатынас құру үшін жалғыз сезім жеткіліксіз. Әр адамның өзінің сүю тілі болады. Бірі сөзбен жақсы көрсе, бірі серігінің толықтай назарын қалайды. Енді бірі үшін махаббат физикалық жақындық арқылы сезіледі. Егер адам өзінің қалауын ала алмаса, қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін. Оны болдырмаудың жалғыз жолы — ашық сөйлесіп, ортақ шешімге келу.
Назар
Егер сүйікті адамыңыз сіздің назар аударғаныңызды қаласа, қолдау білдіріп, қасынан табылуға тырысыңыз. Көбіне адамдар мәселемен бөліскенде, оны шешудің жолын күтпейді. Жай ғана сөйлесу арқылы ішіндегісімен бөліседі әрі өзін тыңдайтын адамды құрметтейді.
Көмек
Кей қарым-қатынаста бар мәселені бір ғана адам шешеді. Ол оның сезімін көрсететін жол болуы мүмкін, сондықтан оның бетін қақпаған жөн. Егер ол екінші адамды ыңғайсыз жағдайда қалдырса, ол да өз ойын еркін айтып, міндеттерді белгілі бір дәрежеде бөліп алуды ұсынуы тиіс.
Сөз
Кей адамдар өз серігінен мақтау мен комплимент күтеді. Сөз ол адамның өмірінде маңызды рөл ойнайды. Сондай-ақ, мақтаудың бәрі шынайы болу керек. Сөзді жақсы көретін адамдар жалған ойды бірден сезеді. Олар әрдайым серігіне тамағы ұнағанын, онымен бірге уақыт өткізгені ұнайтынын біліп отыру тиіс. Сөздер оларды тек шабыттандырады.
Физикалық жақындық
Құшақтау, қолынан ұстау сынды әрекеттер де біреу үшін махаббат тілі. Олар өздерінің сезімін қолынан ұстау, арқасынан сипау немесе құшақтау арқылы білдіреді. Өздері де сол арқылы өзгенің сезімін түсінеді, қолдау ала алады.
Сыйлықтар
Сыйлықты жақсы көрмейтн адам жоқ. Бірақ бірі үшін сыйлық махаббатын көрсетудің жолы. Олар әдетте есте қалатын әрі пайдалы нәрсе сыйлауға тырысады.