Сүйікті адаммен айырлысу: Күйзелістен қалай арылуға болады?

Қарым-қатынасты бұзу әрқашан екі тарап үшін де қиын. Бастапқыда ашудың әсерімен байқалмаса да, уақыт өте қимастық сезімі туып, күйзеліске ұшырап жататын сәттер кездеседі. Кейбір адам жаңа өмір бастай алмай, біраз жүріп қалады. Өмірдегі сол бір қиын сәттерден шығу үшін мына кеңестерге көз жүгіртіңіз.

1-қадам
Өзіңізге шынайы жауап беріңіз: қарым-қатынасты қайта жандандыруға қаншалықты үміттісіз? Серігіңіздің бойынан нені жақсы көрдіңіз және қандай мінезінен сіз зардап шектіңіз? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, қағазды алып, екі бағанға бөліңіз. Тізіп жазып шыққан соң, қай жерде көп ұпай бар екенін салыстырыңыз.

2-қадам
Қарым-қатынасыңыздың сапасын талдаңыз. Егер сіз зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз (психологиялық, физикалық, қаржылық), бірақ сүйіктіңізге қайта оралғыңыз келсе, онда сізде психологиялық тәуелділік болуы мүмкін. Сіз бұл мәселені шешпейінше, сіз өзіңіздің өміріңізде тек қиындықтар мен бақытсыздық әкелетін деструктивті серіктестерді кездестіре беретін боласыз.

3-қадам
Егер сіз әлі де шынайы махаббат, құрметті керек етсеңіз, оған бұл туралы манипуляциясыз ашық айтыңыз. Қарым-қатынас кезінде жинақталған мәселелер мен реніштер бойынша бірге жұмыс істеуді ұсыныңыз. Кеңес алу үшін отбасылық психологқа хабарласыңыз. Осылайша сіз, ең болмағанда, қолыңыздан келгеннің бәрін жасадым деп айта аласыз. Егер серігіңіз шешімінен бас тартпай, ажырасу туралы ойда қалса, оны жіберіп жаңа өмір бастаңыз.

4-қадам
Ажырасу туралы ойды қабылдаңыз және түсініңіз. Қарым-қатынасты қалпына келтіруге үміт артуға орын қалдырмаңыз. Сізді қаламайтын адамның соңына түсіп, өзіңіздің жеке энергияңызды ысырап етесіз және уақытты босқа өткізесіз.

5-қадам
Эмоционалды күйіңізді реттеңіз. Бұған күнделікті медитация, жаттығу және дұрыс тамақтану көмектеседі. 

6-қадам
Өзіңізді құрбан деген ойлаудан және біреу сізді бақытты етуі керек деп күтуден аулақ болыңыз. Сырттан махаббат іздеуді доғарыңыз. Өзіңіз үшін жылу мен жарық генераторы болыңыз. Сіздің өміріңіздегі басты адамға (бұл сіз) құрметпен қараңыз. Сізге ұнайтын және сізді дамытатын нәрсені табыңыз, оны сенімді және бақытты етіңіз.

7-қадам
Біз өзімізге қамқорлық жасауды, өзімізді қорғауды, өз құндылығымыз бен маңыздылығымызды түсінуді үйренген кезде, айналамыздағы адамдар бізді автоматты түрде құрметтей бастайды, қарым-қатынасқа тартылады және жоғалтқысы келмейді. Тек өзін жақсы көру арқылы адам басқаны шын жүректен сүюге қабілетті болады.