Сүйгеніңіздің қан тобы қандай?

Сүйгеніңіздің қан тобы қандай?

Қан тобына қарай жұбыңызбен қаншалықты сәйкес екеніңізді анықтайық.

I қан тобы

Бұл топтағы адамдар барлық іске бірден жармасып алғанымен, ешқайсысын аяғына дейін жеткізіп орындай бермейді. Есесіне, ол жұмысты орындайтын адамдарды таба алады. Өздеріне бұйрық бергенді ұнатпағанымен, өздері басқарғанды жандары сүйеді. Сол себептен, олардан мықты басшы шығады. Олар үнемі алда жүретін адамдар. 1 қан тобындағы адамдар үнемі әрекет үстінде жүреді. Және олар сүйіктілеріне барынша адал.

I топтағылар II не III қан тобындағы адамдармен жақсы жарасады. 

II қан тобы

Бұл топтағы адамдарға көбіне кеңес алу үшін жүгініп жатады. Олар өздерінің проблемаларына қарағанда, жұрттың қиындықтарын жақсы шешеді. II қан тобындағылар адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алады. Сезімтал. Олар көбіне жүрек, көз ауруларына шалдығады.

I мен IV қан тобындағылармен үйлесе кетеді. 

III қан тобы

Олар асқан дәлдікпен шындап кіріскен ісінің түбіне жетпей қоймайды. Сондықтан, олардан жақсы із кесуші, қорғаушы, салық полициясының қызметкері секілді құпияны ашуды қажет ететін мамандық иелері шығады. Көбіне өзімшіл адамдар. Бұл топтағылар әдетте жұтқыншаққа қатысты аурулардан жапа шегеді.

I мен IV қан тобындағылармен жүректері жарасым табады.

IV қан тобы

Бұл топтағылар көбіне зерттеуші, ғалым секілді мамандық иелері болып жатады. Бұлар үшін ғылым әлемі таптырмас мамандық. Өйткені, олар табиғаттан өте ақылды болып жаралады. Және өте төзімді. Көбіне адамдармен араласпай, жалғыз жүргенді ұнататын жандар. 

II, III қан тобындағы жандармен көтерген шаңырақтары берекелі болмақ.

Бұл зерттеуші топтың болжамы ғана. "Жазмыштан озмыш жоқ" десек, қан тобының сәйкессіздігі бақытты болуға кедергі бола қояр ма екен?..

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: woman.ru

Р. Роза