Әйелдер отыратын форумда бұл тақырып жиі талқыланады. Екі жарты, бір бүтін бола тұра, өз сүйгенінен құпияларын жасыратын қыз-келіншектер де бар екен. Сонымен "Сүйгеніңізден не жасырып жүрсіз?" деген сұраққа аты-жөндері жасырын қалған қыз-келіншектер былай деп жауап беріпті:
- Өткен өмірімді;
- Күнделік жазатынымды;
- Бұрынғы жігітімнің хаттарын;
- Оның ата-анасын ұнатпайтынымды;
- Айына қанша ақша табатынымды;
- Банктегі жасырын шотымды;
- Жаңа нәрсе сатып алғанымды;
- Анамның ол туралы айтқан жағымсыз сөздерін;
- Несиемнің бар екенін;
- Жасырын атпен оған басқа қыз болып жазатынымды;
- Құрбыларыммен жазысқан хаттарды өшіріп тастайтынымды;
- Ауыратынымды, дәрі ішетінімді;
- Оған айтпай, құрбыларыммен қыдыратынымды;
- Қызыл емес, көк диплом алғанымды;
- Ата-анамның қандай жұмыс істейтіндерін;
- Тәттіні көп жейтінімді.
Ал жігіттер қыздарынан қандай құпияны жасырады екен?