Сүйгеніңіз неге үнемі ренжи береді?

Сүйгеніңіз неге үнемі ренжи береді?

Әйелдер қауымы мен ерлер қауымы бір жағдайға екі түрлі көзқараспен қарап, екі түрлі пікір қалдырады. Сіз үшін маңызы жоқ нәрсе ол үшін құнды болуы мүмкін. Сондықтан осындай тартыстар кезінде қызыңызды көп ренжітіп алуыңыз мүмкін. Қыздарды ренжіту де, қуанту да оңай. Біз бүгін сүйген қызының не үшін үнемі ренжи беретінін түсінбей жүрген жігітке жауап беріп көрейік.

Мүмкін басқа қыздарға көз салатын шығарсыз?

Әрине, бұл сіз үшін түкке де тұрмайтын нәрсе. Сіз «Қарасам не болыпты? Мен онымен кездесіп жатқан жоқпын ғой» деп ойлайсыз. Бұл – тек сіздің ғана ойыңыз. Әйткенмен қыздар үшін бұл нағыз трагедияның бір түрі. Өйткені жүрегіңіз байланған қыздан басқа бір аруға көз салғаныңыз оған қатты батады. Ал кездесіп, оның көзіне шөп салсаңыз, мұнан да жаман.

Не істеу керек?

«Қарамаңыз» дегеніміз табиғатыңызға қарсы келгеніміз болмас. Көзіңізді сұлу қыз қыз көрсеңіз басқара алмай қалатын әдетіңіз бар болса, мұны қызыңыз қасыңызда бар кезде жасамаңыз.

Мүмкін оның өзгерістеріне мәр бермейтін шығарсыз?

Егер қызыңыздың өзгерістеріне (жаңа шаш үлгісі, жаңа көйлек немесе әдемі сөмке) мән бермейтін болсаңыз, ол назар аудармағандық түсінеді. Қыздар қауымы кездесуге көп дайындалатынын білесіз. Қаншама уақыт айна алдында тұрады. Жаңадан алған заттарына қандай баға берер екен деп қам жейді. Заттан бұрын, қызыңызды шаш үлгісі өзгергенін байқамағаныңыз оның жынына тиеді.

Не істеу керек?

Өзіңізді қызыңыздың орнына қойы көріңізші: автокөлігіңіздің бір жеріне өзгеріс енгіздіңіз немесе басқа түске боятып тастадыңыз. Егер қызыңыз осыған мән бермей отырса, өзіңіз де айтып мақтанғыңыз келіп тұрады ғой? Сіз де «Қандай өзгеріс байқадың?» деуге дайын отырасыз ғой? Әйел адам майда-шүйдеге де мәз болады. Егер қызыңыздан өзгеріс байқасаңыз, ерінбей айта отырыңыз.

Мүмкін жауап бермейтін шығарсыз?

Егер сіз қызыңыздың қоңыраулары мен хабарламаларына жауап бермей, не өзіңіз іздеп қоңырау шалмасаңыз, оны тез өкпелетіп аласыз. Мұндай кезде әйел адамның көз алдында оның жаман ойы сіздің басқа қызбен отырған суретіңізді сала бастайды.

Не істеу керек?

Сүйгеніңізбен қарым-қатынас дұрыс болу үшін оған хабарласып тұруыңыз керек. Ол жазған хабарламаларға жауап беруге де ерінбеңіз. Егер телефонмен сөйлесуге мүмкіндік болмай жатса, хабарлама жіберіңіз.

Жалғасы

Сурет: Евгений Кузнецов

Ұқсас жазба:

Өкпешіл адам өмірді сүймейді

А. Әбілхан