Өмірлік жарыңызды таңдау үшін, ең алдымен, жаныңызда қандай адамның жүргенін қалайтыныңызды анықтауыңыз керек. Ғашық болу оңай, бірақ адамның шын болмысын тану қиын. Ең бастысы – болашақ жарымызды мінсіз тұлға ретінде елестетпей, жүрегімізге де құлақ асу.
♥ Үйдің берекесін қашырмайтын қыз
Сүйе білу – өмірде өз орныңды тауып, берекелі шаңырақ көтеру; өмірлік жарыңызбен бірге бала тәрбиелеп, өзге мекенді қажетсінбеу. Сүйіктіңіздің көзіне қараған кезде жарқын болашағыңызды елестеткен болсаңыз, оны жіберіп алмаңыз.
♥ Шалыс басқаныңызда тура жолды көрсететін қыз
Кез келген жігіт қанша жерден мықты болса да, жанында жол сілтеуші қызының болғанын қалайды. Оның үстіне жігіттердің ақымақтық жасап, қате шешім қабылдайтын мінезі бар. Мұндай қызды табу арқылы өзіңізді бақытты сезіне аласыз.
♥ Бойында батылдық пен нәзік мінездерді үйлестіре білетін қыз
Талғамға талас жоқ екені рас. Әрі бұл екі қасиеттің үйлесетін кездері өте аз.
Батыл қыз үшін жігіт көп уайымдамайтын болады. Өйткені кез келген жерде өз мүддесін қорғай алатынына көзі жетеді. Аталған екі қасиет те қарама-қарсы болып табылмайды. Бар болғаны қыз өзінің бағасын біледі әрі нәзік жандылардың қатарына қосылғанына қуанады.
♥ Өмірге құштар қыз
Әр күнін алтындай бағалап, қызықты өткізу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Алайда өмірге жалғыз құштарлану мүмкін емес. Ол - екі индивид арасында тұтанатын сезім.
♥ Уақытын дұрыс ұйымдастыра білетін қыз
Кейбір жігіт болашақ жарының үйде отырғанын қалайды. Мұндайды армандайтын қыздар да бар.
Егер сүйіктіңіз үйде отырып балалардың тәрбиесімен айналысқысы келсе, оның өз уақытын дұрыс жоспарлай алатынына көз жеткізіңіз.
♥ Ол – өміріңіздің мәні
Кейде адамды ешбір себепсіз жасқы көреміз. Шындығында себептің қажеті де жоқ.
Адамдар басындағы бағын ұшқан кезде ғана бағалайды. Үнемі екінші мүмкіндік беріліп, міндетті түрде бірге боламыз деп ойлаймыз. Осы оймен жүргеніңізде сүйіктіңізді мәңгілікке жоғалтып алуыңыз да ғажап емес.
Оқи отырыңыз:
Сүйген қызыңыздан айырылып қалмаңыз
Заманауи қыз нені таңдайды?
Жігіттердің арманындағы ботакөз ару болу оңай ма?
Сурет авторы: Наталья Бугрова