- Негізгі бет
- Психология
- "Сүйетініңді дәлелде" десе......
"Сүйетініңді дәлелде" десе...
Кейде махаббаттың шынайы екеніне күмән келтіретін сәттер болады. Тіпті оның себебі бар болса да, жоқ болса да, әрбір сананың өз ішінде арпалысып жататыны анық. Әрқайсымыз да махаббатымызды сөзбен жеткізе алмаған сәттер болған шығар? Ендеше сезіміңіз сұйылмасын!
Оған дейінгі өмір...
Серігіңізге оған дейінгі өміріңізді айта берудің, өткен күннің адамдарымен салыстыра берудің дым да қажеті жоқ. Оған мұндай мәліметтің еш керегі де жоқ. Қыздар да, ер адамдар да салыстыруды мақтау емес, намысын қайрау деп біледі.
Тәтті-пәтті де сезімнің белгісі
Сүйген адамыңызға тәтті-пәтті беріп, еркелетіңіз. Аспаздық сізге жат болуы да мүмкін, бірақ сүйген адамыңыз үшін 2-3 мәзір жаттап алуға әбден болады. Күнделікті астан бөлек, басқа да бір тағам түрлерін дайындасаңыз, әсіресе сіз жігіт болсаңыз, керемет сәттерді бастан өткеретініңізге сенімдіміз.
Қызғануға себеп татырмаңыз
Сүйікті адамның махаббаты күмән, қызғаныш сияқты зиян түсініктерден сұйыла бастайды. Мұнда қызғанышты тіпті де болдырмаған дұрыс. Бастысы өзіңіз де қызғана беруді қоюыңыз керек. Серігіңізге деген сенімділігіңізді көрсетсеңіз, сезімнің ең биік шыңына жеткеніңіз. Егер Оның іс-әрекеттері сізге жат я түсініксіз көрінсе, бірден шу шығарудың орнына бетпе-бет сөйлесіп алу ең тиімді әдіс. Ал сол күмәнді ішке сақтаудан зиян нәрсе жоқ. Анығын біліп, аяқ басу керек.
Дегеніңізде тұрып алмаңыз
Қырсықтық немесе оның басқа да реңкті мағыналары бар қасиет әсіресе ер адамға жақпайды. Мәселен, сіз базарлағанды жақсы көрсеңіз, бұл серігіңіз де сізбен бірге базарлап жүруі керек деген сөз емес. «Егер менімен бірге бармаңсаң, мен бір досыммен бара саламын» деген секілді ультиматум құрметсіздіктің белгісі. Қайда, кіммен болсаңыз да, серігіңізді ұмытпағаныңызды дәлелдеңіз, яғни оған да бір зат сатып алу артық етпейді.
Өзіңіз туралы мәлімет бере жүріңіз
Күн тәртібіне (егер ол алыста болса) телефон соғып қайда, не істеп жатқаныңыздан хабардар етіңіз. Оның да хал-жағдайын сұраңыз. Бірақ қайта-қайта телефон соғып, мазасын алуға да болмайды. Егер мазасын алар болсаңыз, ол өзін бақылауда ұстап жүр екен деп ойлап, қарсы әрекет жасауы ықтимал.
Сыйлық жасау да пайдалы
Тосын сый мен сыйлық жасап тұрыңыз. Аса құнды болмаса да, оған деген сезіміңізді дәл осы жолмен жандандырып, жаңарта аласыз. Оған қайта-қайта сыйлық жасай берудің өз себебін табу, оны таңғалдыру сіздің ісіңіз.
Сүйіктіңіз сіздің ынта-жігеріңізді түсініп, қолдайтын болады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com
А. Құлтай