- Негізгі бет
- Психология
- Суреттен не көрдіңіз...
Суреттен не көрдіңіз (психологиялық тест)
Суретке қараңыз, көп ойланудың қажеті жоқ. Ең алдымен нені байқадыңыз? Мұнда төрт түрлі бейне бар. Қайсысы бірінші көзіңізге түссе, сол нәрсеге сәйкес мәтінді оқыңыз, сіздің болмысыңыздан хабар береді.
Қыз – керегесі кең, шаңырағы биік отбасының иесі болатыныңыздан хабар береді. Отбасылық қарым-қатынасыңыз да нығая түседі. Қолға алған істеріңізді не орта жолда қалдырып кеткен шаруаларыңызды аяғына дейін жеткізуге тура келеді. Отбасыңыздың игілігі үшін ең абзалы осы болмақ.
Жарықшақ, сынықтарды көріп тұрсаңыз, отбасыңызда ұрыс-керіс, өкпе-нала болуы мүмкін. Қарсыластарыңыз сіздің жағыңызға шығуы екіталай. Қателіктеріңізді мойныңызға алып, өзіңіз жасаған кемшіліктерді түзетуіңіз керек. Басыңызды көтеріңіз! Барлығын қалпына келтіруге болады, тіпті кейін оның ізі де білінбей кетеді.
Көлеңке не бір кескін көріп тұрсаңыз, өмірді де, өзіңізді де бар қалпында тура қабылдай аласыз. Жеке өмірде де, қызмет жолында да эмоциялық өрлеу, белсенділік және жаңа сатылар күтіп тұр. Айнадағы бейне сіздің қоғамда, достар мен туыстар арасында жай-күйіңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалай алатыныңызды көрсетеді.
Ақ сызық – Сіз аса ұстамсыз әрі эмоцияға берілгіш жансыз. Ол сізді өмірде күтпеген бұралаңдарға әкеп соқтыруы ықтимал. Өзіңізді қолға алып, асау мінезіңізді жүгендеуге тырысыңыз. Сезімге еркі бермеңіз, пасық есептерді доғарыңыз. Әйтпесе барлық істе серіктестеріңізден айырылып қалуыңыз ғажап емес.
@. @assel_assanova