Суретке зер салыңыз. Ең бірінші нені байқадыңыз? Мұнда төрт нұсқа бар: қала, шам, сары сызық немесе сары нүкте. Қайсысы сіздің көз алдыңызға бірінші келді? Сәйкес жауапты оқып көріңіз. Қала. Бұл брінеше нұсқалық символды береді. Мұнда нақты жағдайлар мен әрекеттерді көруге болады. Көбінесе белгілі бір жерді, адамдар мен серіктестер тобын, алғашқы құштарлықты, ата-ананы, балалық шақты аңсауды аңғартады. Сонымен қатар дәл қазіргі сәтке қызмет ететін бейнені де көрсетеді. Өткен шақ қазіргі кезге шыңдап, тәрбиелеп жеткізгенін айтатын бейнені таңдадыңыз. Қала өркениеттің, идеологияның, моральдің символы. Ол нақты нысанын іздеп, таба біледі. Шамдар бақытты шақты, жарқын өмірдің символы. Шамды көрген болсаңыз, әр сәттің бағасын біліп, қадірлей білетініңізді көрсетеді. Мұны нұрға шомылудың белгісі ретінде де қарастыруға болады. Сары сызық үздіксіздік символы. Сіз барлығына бір түзу сызықпен қарайсыз. Не нәрсені болса да жан-жақты қарамайсыз, айналада не болып жатқанынан хабарыңыз жоқ, тек алдыңыздағыны көресіз. Сіз үшін уақыттың шегі жоқтай. Сары нүктелерді көрсеңіз, сізге ең жақын адамыңызбен ашық әңгіме құру керек екенін білдіреді. Ойыңыздағы мәселелердің шешімін тауып, нүктесін қою қажет. Өзіңізге не болып жүргенін анықтап, ішіңізге үңілетін уақыт жетті.