- Негізгі бет
- Психология
- Суреттен не байқадыңыз?...
Суреттен не байқадыңыз? (психологиялық тест)
Бұл психологиялық тесттен өзіңіздің беймәлім қырыңызды тани аласыз. Суретке мұқият қарап, жасырын ұяшықтардан алдымен қандай жануардың бейнесі көзге түскенін анықтаңыз да, сәйкес жауабын оқыңыз.
Сары шаршының ішінде гүлі бар балапан бейнеленген. Бұл өмірге риза әрі жібек мінезді жанның байқайтын көрінісі. Бірініші осы бейнені байқасаңыз, кез келген жағдайды жеңіл қабылдайсыз. Өмірде кездескен әр қиындыққа төтеп бере білесіз.
Мұндай таңдау жасаған жанға зор марапат не қомақты сыйлық бұйырайын деп тұр. Жақын арада сәттілік серігіңізге айналып, материалдық жағдайыңыз біраз оңалып қалады.
Жасыл шаршыда крокодил бейнеленген. Бұл еңбекүйгіш әрі жауапкершілігі зор адамның таңдауы. Олар ауыр жұмыстан ешқашан қашпайды және барлығын өз мойнына алады.
Алдағы уақытта өміріңізде болмашы келеңсіздіктер болуы да мүмкін. Алайда пайым-парасатыңыздың арқасында ол қиындықты оңай еңсеріп шығасыз.
Қызыл шаршының ішінде мысық бейнесі бар. Оны асқан ақылды әрі бәріне жауапты адам таңдайды. Бұл кісі сырт көзге сенгіш, қарапайым боп көрінуі мүмкін. Алайда бұл қасиеттердің ауылы алыс.
Өміріңізде айтулы өзгеріс болады, осыған дайын болыңыз.
@. @assel_assanova