- Негізгі бет
- Психология
- Сұлулық - әйелдің...
Сұлулық - әйелдің бақыты
Қазақстандық бойжеткендердің жартысынан көп пайызы өз бойынан кемшіліктер табады екен. Ал сол кемшіліктерді жоюға қаншама мүмкіндіктер бар екендігін ескере бермейді.
Бұрынғыдай түрлі журналдарды ақтарып, маскалардың құрамын дәптерге жазып алудың да қажеті жоқ. Бар болғаны қажетті материалдарды интернет желісінен оқып, компьютеріңе сақтап қойсаң болғаны. Олардың арасынан киім түстерін үйлестіріп кию, сымбатыңызға қарай киім таңдау, дене пішініңіздің кемшіліктерін жасыру секілді кеңестердің түр-түрі жазылған.
Сайтта отырып «қыз балалар мен әйел адамдарға арналған сайттар» деп жазсаңыз, 4 миллионға жуық нәтиже шығады. Және оларды тек оқып қана қоймай, кеңестерді өмірде жүзеге асыра білу қажет. (Орташа есеппен әйел адам ғұмырының 17 жылын емделуге арнайды екен).
Қажетті кеңестердің қол жетімділігіне қарамастан, өзін күте білетін, талғаммен киінетін бойжеткендер мен әйел адамдардың саны аз. Арнайы зерттеу нәтижесі бойынша, өзін күтпейтін әйелдер саны экономикасы төмен мемлекеттерде көп кездеседі. Алайда әдемі болып көріну үшін міндетті түрде табыстың ¾ бөлігін косметикаға жұмсаудың қажеті жоқ. Арзан киімдермен де әдемі көрінуге болады.
Елімізге келген Фаст-фудтардың арқасында салмақты адамдардың саны күрт өсуде.
Мінсіз келбетке қол жеткізу үшін біреулер артық салмақтан арылуға тиіс болса, енді біреулер терісін әрлеуі керек. Ал кейбіреулері талғаммен киінуді армандайды.
Табиғи сұлулықты пайдалана білмеудің бұдан өзге бірнеше себебі бар, олар:
1) Жалқаулық пен жігерсіздік;
2) Шаршаңқылық;
3) Күйзеліс;
Осыларға қарсы тұра білсе, бұл әлемде барлығы да сұлу болар еді. Естеріңізде болсын: «Өмірде ажарсыз әйел болмайды, тек өзін күте білмейтіндері ғана бар».
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: basik.ru
Қ. Бүйенбай