Сұлу әйел құр қалатын 6 іс

Сұлу әйел құр қалатын 6 іс

Сұлулық - жан сұлулығы мен тән сұлулығы қабысқанда ғана нағыз хас, кіршіксіздікке жетеді. Адамзатқа дарыған келбеттің пенде баласын өсірері де, өшірері де бар. Қазақ қыздарының бәрі сұлу. Олардың сұлулығы ибасы мен алған өнегесінде жатыр. Дегенмен, тән сұлулығы өмір жолындағы кей асуларда тұсау боп қалмасына кім кепіл. Біз төменде осы жақтарға назар салып көрейік.

  1. Орай: сұлу қыздар қызмет іздегенде немесе сауда жасағанда жақсы орайға ие болады. Сондықтан олар көз алдындағы нәрселерді қадірлемей, көбінесе өзінің орайға тез ие болатынына сенеді. Олар орайды мықты ұстауда тіпті де көп күш-қуат пен ақылдың қажет екенін түсіне бермейді.
  2. Шыдамдылық: сұлу қыздар қиыншылыққа жолыққанда одан құтылу жолын іздеуге әдеттенген. Олар «жұмысты ақырына дейін жалғастырудың не пайдасы бар» деп ойлап, күшті аяп қалу үшін басқаша жол қарастырады. Сұлуларда шыдамдылық кемшін болады.
  3. Кеңпейілділік: сұлу қыздар көп мақтауға, көтермелеуге ие болатындықтан, басқаларды менсінбейді. Шынымен сондай екенмін деп ойлайды. Пейілі тарылып, кешірімі аз болады. Маңындағы жақындарын оңай ренжітеді.
  4. Сенім: сұлу қыздар ақ көңіл болғанымен, басқалардың сеніміне ие бола алмайды. Сондықтан, олардың құлшынатын дүниелері өте көп.
  5. Жақсы жігіт: сұлу қыздар жігіттердің ылғи да өзінің соңынан салпақтап жүруін жақсы көреді. Әдетте жақсы жігіттер де өз атақ-абыройын, намысын сақтауды алғы орынға қояды, сондықтан сұлу қыздар жақсы жігіттерден оңай айырылып қалады.
  6. Еркіндік: сұлу қыздар тұрмысқа шыққан соң көбінде күйеуінің қалт жібермей бақылауында болатындықтан, өз еркіндігінен айырылып қалады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan